LG LG L70 (D320) BLACK Manuale Proprietario

Pagina di 400
81
Баптаулар
< Ишараттар >
Экран қосылған/Өшіру – экранды қосу және өшіру үшін KnockON қызметін қосуды 
белгілеңіз. Қосу үшін ортаңғы экранды жылдам екі рет түртіңіз. Экранды өшіру үшін 
күй жолағын, бастапқы экрандағы бос аумақты немесе құлыптаулы экранды екі 
рет түртіңіз. Жақсы нәтижелер алу үшін KnockON мүмкіндігін пайдаланған кезде 
телефонды қозғалтпаңыз.
Кіріс қоңырауы күтуде – келген қоңыраулардың дыбысын өшіру үшін телефонды 
жабуға мүмкіндік беруге белгілеңіз.
Дабылды қоя тұру не тоқтату – қалғу немесе дабылды тоқтату үшін құрылғыны 
жабуға мүмкіндік беретін құсбелгі.
Видеоны тоқтата тұру – қазір ойнап тұрған бейнені кідірту үшін құрылғыны жабуға 
мүмкіндік беруге белгілеңіз.
Анықтама – құрылғыңыздың қимылдар мүмкіндіктерін пайдалану жолдары туралы 
анықтамалық нұсқаулықты ашады.
Қозғалыс сенсорын мөлшерлеу – сенсордың еңкейту және жылдамдық дәлдігін 
жақсартуға мүмкіндік береді.
< Сақтау орны >
ІШКІ САҚТАУ ОРНЫ - ішкі сақтау орнын пайдалану мәліметтерін көріңіз.
SD КАРТАСЫ: SD картасында жалпы бар бос орынды тексеріңіз. Қауіпсіз алу үшін 
Unmount SD card («SD картасын ажырату») пәрменін түртіңіз. SD картасындағы 
бүкіл деректерді жою керек болса, SD картасын өшіріңіз.
< Батарея >
БАТАРЕЯ АҚПАРАТЫ
Батарея зарядтау туралы ақпарат батарея графигінде қалған заряд пен оның күйінің 
пайыздық көрсеткішімен шығады. 
Батарея пайдалану деңгейі мен батарея пайдалану мәліметтерін көру үшін батарея 
пайдалану экранын көрсетуге батарея заряд белгішесін түртіңіз. Ол батарея қуатын 
ең көп пайдаланатын компоненттер мен қолданбаларды көрсетеді. Қосымша 
ақпаратты көру үшін жазбалардың біреуін түртіңіз.
Күй жолағындағы батарея қуaтының пайызы — батарея белгішесінің жанындағы 
күй жолағынан батарея заряды пайыздық көрсеткішін көрсетуге арналған құсбелгі.