Philips Hand blender HR1377/90 Manuale Utente

Pagina di 108
43
кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips 
компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану үшін өніміңізді www.philips.com/
welcome веб-бетінде тіркеңіз. 
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a  Жылдамдық таңдаушы 
B  Қалыпты жылдамдық түймесі 
C  «Турбо» режимінің түймесі
D  Мотор бөлігі
E  Босату түймелері
F  Турағыш
g  Стакан
H  Стакан қақпағы
i  Көпірткіш
J  Көпірткіштің байланыстырып тұратын бөлігі 
k  Пышақ бөлігін қорғайтын қақпақ
l  Итергіш
M  Ыдыс қақпағы
n  Құрамдастырылған диск (кесу/үгіту)
o  Құрал ұстағыш
P  Пышақ бөлігі 
Q  Қақпағын алатын түйме
R  Табақ
Маңызды
Құралды қолданар алдында осы нұсқауды мұқият оқып шығыңыз, әрі болашақта қолдануға 
сақтап қойыңыз.
Қауіпті
 - Мотор бөлігін суға немесе басқа да сұйықтыққа ешқашан батырмаңыз, сондай-ақ, оны 
ағынды судың астында жууға болмайды. Мотор бөлігін ылғал шүберекпен тазалаңыз.
Ескерту
 - Құралды қосар алдында, құралда көрсетілген кернеудің жергілікті ток көзінің кернеуіне 
сәйкес келетіндігін тексеріп алыңыз.
 - Егер құралдың шанышқысы, сымы немесе құралдың өзге бөлшегі зақымдалса, құралды 
қолданбаңыз.
 - Егер ток сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны тек Philips компаниясы 
ұсынған қызмет орталығында сол компанияның жабдықтарымен және соған сәйкес білімі 
бар маман алмастыру керек.
 - Бұл құрал физикалық, сезімталдық немесе ақыл-ой қабілеттері төмен адамдардың (оның 
ішінде балалар), тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың қолдануына арналмаған, олардың 
қауіпсіздігіне жауап беретін адам оларға жетекшілік етіп, құралды қалай қолдану керектігін 
түсіндіруі тиіс.
 - Балаларды бақылап, олардың құралмен ойнамауын қадағалыныңыз.
 - Араластырғыш жұмыс жасап тұрғанда түтіктегі ингредиенттерді итеру үшін 
саусақтарыңызды немесе басқа заттарды (мысалы күрекшені) қолдануға болмайды. Бұл 
мақсат үшін әрдайым итергішті қолданыңыз.
 - Турағыштың пышағына, әсіресе аспап электр жүйесіне қосылып тұрған кезде тиіп кетпеңіз. 
Пышақтар өте өткір.
ҚазаҚша