Philips Hand blender HR1377/90 Manuale Utente

Pagina di 108
 - Егер пышақтарға тамақ тұрып қалса, пышаққа тұрып қалған ингредиенттерді алып тастамас 
бұрын, құралды тоқтан ажыратыңыз.
 - Пышақ бөлігін ұстап тұрған кезде немесе оны не құрамдастырылған дискіні тазалаған 
кезде абай болыңыз. Олардың жүзі өте өткір. Әсіресе оларды тазалаған кезде 
және табақты босатқан кезде абай болыңыз. 
абайлаңыз
 - Құралдың қосалқы бөлшектерін немесе қолданып жатқан кезде қозғалып тұрған 
бөлшектерді ауыстырар алдында құралды әрқашан пайдаланғаннан кейін электр жүйесінен 
суырып алып тастаңыз.
 - Бұл құрал тек үйде қолдануға жасалған.
 - Кестеде көрсетілген мөлшерлер мен дайындау уақытын арттырмаңыз.
 - Ыдысты көрсетілген ең жоғарғы деңгейінен аспаңыз.
 - Үздіксіз үш салымнан артық шайқауға болмайды. Шайқауды жалғастырар алдында, құралды 
бөлме температурасына дейін суытып алыңыз.
 - Басқа өндірушілердің бөлшектерін немесе қосымша қондырғыларын, сондай-ақ 
Philips арнайы кеңес ретінде ұсынбаған бөлшектерді қолдануға болмайды. Егер сіз сондай 
бөлшектерді немесе қосымша қондырғыларды қолданған болсаңыз, онда сіздің кепілдігіңіз 
өз күшін жоғалтады.
 - Ыдысты микротолқынды пештерде қолдануға болмайды. 
 - Бір шайқағанда бір мөлшерден артық шайқамаңыз. Шайқауды жалғастырар алдында, 
құралды бөлме температурасына дейін суытып алыңыз.
 - Шу деңгейі: Lc= 85 dB(A).
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы Электрмагниттік өріске (ЭМӨ) байланысты барлық стандарттарға сәйкес 
келеді. Егер осы құралды қосымша берілген нұсқаудағыдай ұқыпты қолданған болса, онда бұл 
құрал, бүгінгі таңдағы белгілі ғылыми зерттеулер бойынша, қолдануға қауіпсіз болып келеді.
алғашқы рет қолданар алдында
Құралды алғашқы рет қолданар алдында, тамақпен байланысқа түсетін бөлшектерін жақсылап 
тазалаңыз («Тазалау» тармаған қараңыз).
Қолдануға дайындық
 1 
 Құралды электр жүйесінің розеткасына қосар алдында, оның дұрыс жиналғандығына көз 
жеткізіңіз. 
 2 
 Дайындамас бұрын өнімдердің ірі түйірлерін шамамен үлкендігі 2 см етіп тураңыз.
 3 
 Ыстық ингредиенттерді турар немесе шайқауышқа құйяр алдында суытып алыңыз 
(максималды температура 80°C). 
Құрылғыны қолдану
Қол миксері
Қол миксерінің қызметі:
 - сүт өнімдері, соустар, жеміс-жидек шырындары, сорпа, сусындар, коктейльдер сияқты 
сұйықтықтарды шайқау.
 - құймаққа арналған сұйық қамырды немесе майонезді дайындау үшін жұмсақ 
ингредиенттерді араластыру.
 - мысалы, балалар тағамына арналған қайнатылған өнімдерден пюре дайындау.
 1 
 Турағышты мотор бөлігіне жалғаңыз («сырт еткенше») (Cурет 2).
 2 
 Ингредиенттерді ұсатқыш ыдысқа салыңыз.
ҚазаҚша
44