Philips Hand blender HR1377/90 Manuale Utente

Pagina di 108
Қоршаған орта
 - Қызмет мерзімі аяқталғанда, құралды әдеттегі қоқыспен бірге тастамаңыз, оның орнына 
ресми жинау орнына тапсырыңыз. Осылайша, сіз қоршаған ортаны сақтауға 
көмектесесіз (Cурет 17).
кепілдік және қызмет
Қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса, не болмаса қиын мәселе болса, Philips 
компаниясының www.philips.com веб-торабын қараңыз немесе елдегі Philips тұтынушыларды 
қолдау орталығына хабарласыңыз (телефон нөмірін дүниежүзілік кепілдік кітапшасынан табуға 
болады). Елде тұтынушыларды қолдау орталығы болмаған жағдайда, жергілікті Philips дилеріне 
хабарласыңыз. 
ақаулықтарды шешу
Бұл тарауда құрылғыда пайда болуы мүмкін ең көп кездесетін ақаулықтар жинақталған. Егер 
төменде берілген ақпараттың көмегімен ақаулықты шеше алмасаңыз, еліңіздегі Тұтынушы 
орталығына хабарласыңыз. 
Ақаулық
Шешімі
Құрал жұмыс 
жасамайды.
Бұл құрал қатты қызып кетуден сақтайтын қорғаныспен 
қамтамасыз етілген. Егер құрал қатты қызып кетсе, ол автоматты 
түрде сөндіріледі. Құралды токтан суырып, оны 5 минуттай суытып 
алыңыз. Содан соң, ток сымын қабырғадағы розеткаға кіргізіп, 
құралды қайта қосыңыз. Егер қатты қызып кетуден сақтайтын 
қорғаныс тым жиі іске қосылған болса, Philips дилерімен немесе 
Philips құзыретті қызмет орталығымен байланысыңыз.
Мотордан алғашқы 
бірнеше рет қолданған 
кезінде жаман иіс 
шығады.
Бұл нормалы нәрсе. Егер бірнеше рет қолданғаннан кейін де иіс 
кетпесе, сығып жатқан тағамдар көлемін және сығу уақытын 
тексеріңіз.
Құрал қатты шу 
шығарады, жаман иіс 
шығарады, қол 
тигізбейтіндей ысып 
кетеді, түтін шығарады, 
т.б.
Құралды өшіріп, токтан суырыңыз. Өзіңізге жақын орналасқан 
Philips қызмет орталығына немесе дилеріне хабарласыңыз.
ҚазаҚша
48