Philips Hand blender HR1377/90 Manuale Utente

Pagina di 108
Ингредиенттер
Мөлшер
Уақыты
Жылдамдығы
Қара шоколад
200 г
~ 45-60 сек.
Турбо
 5 
 Табақтың қақпағын жабыңыз (1). Қақпақты бекіту үшін («сырт» етеді), оны сағат 
бағытына қарсы (2) бұраңыз (Cурет 9).
 6 
 Ыдыс қақпағының жанындағы мотор бөлігін жылдамдатыңыз («сырт» етеді) (Cурет 10).
 7 
 Итергішті тамақ салатын түтікке орнатыңыз.
Ескертпе: Итергіш шашырап кетудің алдын алады.
 8 
 Құралды қосу үшін,қалыпты жылдамдық түймесін немесе турбо жылдамдық түймесін 
басып тұрыңыз (Cурет 4).
Ескертпе: Егер ингредиенттер табақтың қабырғасына жабысып жатса, құралды өшіріп, 
оларды қалақша көмегімен немесе біраз сұйықтық қосу арқылы ажыратып алыңыз.
Ескертпе: Турағыш пышақпен етті ұсақтағаннан кейін құралды әрқашан суытып алыңыз.
 9 
 Пайдаланғаннан кейін, құралды өшіру үшін, қалыпты немесе турбо жылдамдығының 
түймесін жіберіп, пышақ бөлігі тоқтағанша күтіңіз.
 10 
 Ыдыстың үстіңгі жағындағы қақпағын босату түймесін басып (1), оны сағат бағытымен 
бұрап алыңыз (2).  (Cурет 11)
кеңестер
 - Құрал өте жылдам турайды. Қалыпты жылдамдық немесе турбо жылдамдығының түймесін 
қолданыңыз. Тым ұсақ турамас үшін, турбо жылдамдығының түймесін қысқа уақыт 
қолданыңыз.
 - Қатты ірімшік немесе шоколадты тураған кезде, құралды тым ұзақ жұмыс 
жасатпаңыз. Әйтпесе, бұл ингредиенттер қызып кетеді де, еріп, кесектеніп қалады.
 - Пышақ бөлігін кофе дәндері, куркума, мускат жаңғағы және мұз бөліктері сияқты қатты 
ингредиенттерді ұсақтауға пайдаланбаңыз, себебі бұл пышақтың өткірлігіне әсер етеді.
Құрамдастырылған диск
Құрамдастырылған диск қияр, сәбіз, картоп, көк жуа мен пияз секілді көкөністерді және 
ірімшіктің кейбір түрлерін кесуге және үгітуге арналған.Оның бір жағы кесуге, ал екінші жағы 
үгітуге арналған. Дискіні бұру арқылы кесу күйінен үгіту күйіне өте аласыз.
 
Мұз бөлшектері сияқты қатты ингредиенттерді дискімен бірге қолданбаңыз.
Дискілердің жүзі өткір. Оларды қолмен ұстамаңыз.
 1 
 Құрал ұстағышын ыдысқа салыңыз (Cурет 7).
 2 
 Қалаған нәтижеге байланысты құрамдастырылған дискінің кесу немесе үгіту бетін 
жоғары қаратып құрал ұстағышына салыңыз.  (Cурет 12)
 3 
 Табақтың қақпағын жабыңыз (1). Қақпақты бекіту үшін («сырт» етеді), оны сағат 
бағытына қарсы (2) бұраңыз (Cурет 9).
 4 
 Итергішті тамақ салатын түтікке салыңыз. 
 - Көлемі үлкен ингредиенттерді тамақ салатын түтікке сай болатындай бөлшектерге алдын 
ала бөліп алыңыз. 
 - Жақсы нәтижеге жету үшін тамақ салатын түтікті бірқалыпты етіп толтырыңыз. 
 - Сізге тым көп мөлшердегі ингредиенттерді шайқау/турау керек болса, онда кішкене 
бөліктермен шайқап/тураңыз, және ыдысты арасында босатып отырыңыз.
ҚазаҚша
46