Samsung DV180F Manuale Utente

Pagina di 156
Фотосуреттерді немесе бейнелерді жіберу үшін Авто сақтық көшірме пайдалану
Сымсыз желі
  113
•   Тасымалдау аяқталған кезде камера шамамен 30 секундта автоматты 
түрде өшеді. Алдыңғы экранға оралу және камераның автоматты 
түрде өшуін болдырмау үшін Болдырмау таңдаңыз.
•   Тасымалдау аяқталғаннан кейін компьютерді автоматты түрде өшіру 
үшін [m] түймесін басыңыз, содан кейін Сақтық көшірмеден 
кейін ДК жұмысын аяқтау → Қосулы тармағын таңдаңыз.
•   Сақтық көшірме дербес компьютерін өзгерту үшін ДК өзгерту 
таңдаңыз.
•  
Камераны WLAN желісіне қосқан кезде компьютерге қосылған қатынас 
нүктесін таңдаңыз.
•  
Камера тіпті бір қатынас нүктесіне қайта қосылғанның өзінде қол 
жетімді қатынас нүктелерін іздейді.
•  
Егер файлдарды жіберген кезде камераны өшірсеңіз немесе батареяны 
алып тастасаңыз, файлды тасымалдау үзіледі.
•  
Бұл мүмкіндікті пайдаланған кезде ысырма тетігі камерада 
ажыратылады.
•  
Файлдарды жіберу үшін компьютерге бір уақытта тек бір камераны 
жалғауға болады.
•  
Сақтық көшірмелеу желі шарттарына байланысты тоқтатылуы мүмкін.
•  
Фотосуреттерді немесе бейнелерді компьютерге тек бір рет жіберуге 
болады. Тіпті егер камераны басқа компьютерге қайта жалғасаңыз, 
файлдарды қайта жіберу мүмкін емес.
•  
Камера жадында файлдар болмаған кезде бұл мүмкіндікті пайдалану 
мүмкін емес.
•  
Бұл мүмкіндікті пайдаланбас бұрын Windows брандмауэрін және басқа 
брандмауэрлерді өшіру керек.
•  
1.000 дейін соңғы файлды жіберуге болады.
•  
ДК бағдарламалық құралында сервер атауы латын әріптерімен енгізу 
керек және 48 таңбадан аспауы керек.
•  
Бірнеше файл түрі бірден жасалған кезде тек сурет файлдары (JPG) осы 
мүмкіндікпен компьютерге жіберіледі.