Samsung DV180F Manuale Utente

Pagina di 156
Суретке түсіру параметрлері
  58
Ажыратымдылықты таңдау
Ажыратымдылықты ұлғайтқан сайын фотосурет немесе бейне көбірек 
пиксельді қамтиды, сондықтан оны үлкендеу қағазда басып шығаруға 
немесе үлкендеу экранда көрсетуге болады. Жоғары ажыратымдылықты 
пайдаланған кезде файл өлшемі де ұлғаяды.
Фотосурет ажыратымдылығын орнату
Суретке түсіру режимінде [m] басыңыз.
Фотосурет өлшемі таңдаңыз. 
Параметрді таңдаңыз.
Белгіше Сипаттама
4608 X 3456: A1 қағазында басып шығару.
4608 X 3072: A1 қағазында кең арақатынасымен (3:2) 
басып шығару.
4608 X 2592: A1 қағазында панорама арақатынасымен 
(16:9) басып шығару немесе HDTV теледидарында ойнату.
3648 X 2736: A2 қағазында басып шығару.
2592 X 1944: A4 қағазында басып шығару.
1984 X 1488: A5 қағазында басып шығару.
1920 X 1080: A5 қағазында панорама арақатынасымен 
(16:9) басып шығару немесе HDTV теледидарында ойнату.
1024 X 768: электрондық хабарға тіркеу.
Бейне ажыратымдылығын орнату
Бейне түсіру режимінде [m] түймесін басыңыз.
Бейне өлшемі таңдаңыз.
Параметрді таңдаңыз.
Белгіше Сипаттама
1280 X 720: HDTV теледидарында ойнатылатын HD 
файлдары.
640 X 480: аналогтық теледидарда ойнатылатын SD 
файлдары.
320 X 240: веб-бетте жариялау.
Ортақтасу үшін: сымсыз желі арқылы веб-торапқа 
орналастыру (ең көп 30 секунд).
Ажыратымдылықты және сапаны таңдау
Сурет ажыратымдылығы және сапасы баптауларын өзгертуді үйреніңіз.