Samsung DV180F Manuale Utente

Pagina di 156
 
  7
Негізгі ақаулықтарды жою
Суретке түсіру параметрлерін орнатып, жалпы мәселелерді шешуді үйреніңіз.
Нысанның көздері 
қызыл болып 
көрінеді.
Нысанның көздеріне камера жарқылындағы жарық шағылысқан кезде қызыл көз пайда болады. Жарқыл 
параметрін   Көз қызылдығы деп орнатыңыз. (61-б.)
Фотосуреттерде шаң 
дақтары бар.
Егер ауада шаң бөлшектері болса, жарқылды пайдаланған кезде оларды фотосуреттерде түсіруге болады.
•  Жарқылды өшіріңіз немесе фотосуреттерді шаңды жерде түсірмеңіз.
•  ISO сезімталдық параметрлерін орнатыңыз. (63-б.)
Фотосуреттер бұлдыр.
Бұлдыр фотосуреттерді жарығы аз шарттарда түсіргенде немесе камераны дұрыс ұстамағанда орын алуы мүмкін. 
Нысанның фокус ішінде болуы үшін DIS функциясын пайдаланыңыз немесе [Ысырма] жартылай басыңыз. (36-б.)
Фотосуреттер түнде 
түсірген кезде бұлдыр 
болады.
Камера көбірек жарық енгізу әрекетін орындаған кезде ысырма жылдамдығы баяулайды. Бұл фотосуретті анық 
түсіру үшін камераны ұзақ бірқалыпты ұстауды қиындатуы және камера діріліне әкелуі мүмкін.
•  Түнгі сурет режимін таңдаңыз. (50-б.)
•  Жарқылды қосыңыз. (61-б.)
•  ISO сезімталдық параметрлерін орнатыңыз. (63-б.)
•  Камераны шайқалудан қорғау үшін триподты пайдаланыңыз.
Нысандар артқы 
жарықтан тым 
қараңғы көрінеді.
Жарық көзі нысанның артында болған кезде немесе жарық және қараңғы аумақтар арасында контраст жоғары 
болған кезде нысан тым қараңғы көрінуі мүмкін.
•  Күнге қаратып түсірмеңіз.
•  Сахна режимінде Көмескі жарық параметрін таңдаңыз. (43-б.)
•  Жарқыл параметрін   Бояу мәніне орнатыңыз. (61-б.)
•  Экспозицияны реттеңіз. (69-б.)
•  Автоконтраст балансы (ACB) параметрін орнатыңыз. (70-б.)
•  Егер нысан кадрдың ортасында болса, өлшеу параметрін   Бір жерге негізделген мәніне орнатыңыз. (70-б.)