Panasonic CZ256ESMC3 Guida Al Funzionamento

Pagina di 204
200
Қо
сымша
Қо
сымша
Ақаулықтарды жою
Жөндеуге жүгінбес бұрын келесілерді тексеріңіз.
Қауіпті болғандықтан, жөндеуді өзіңіз жүргізбеңіз.
Белгісі
Себебі және қолданылатын шаралар
Жоспарлау дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ
 
y
Күн мен уақытты орнаттыңыз ба?
Күн мен уақытты орнатып, бірақ жоспарды тіркемеген болсаңыз, жоспарлау іске қосылмайды.
 
y
Күн мен уақытқа арналған ағымдағы параметрлер дұрыс па?
Егер ағымдағы уақыт дұрыс орнатылмаса, жоспар басқа уақытта басталуы мүмкін.
Үлестіру коэффициенті əрқашан 100% болады
 
y
Үлестіру тобы мен аймақтар тобы параметрлерін тексеріңіз.
Жалғыз үлестіру тобына тек бір аймақ тобын немесе жалғыз аймақ тобына бір ішкі блокты 
қойсаңыз, үлестіру коэффициенті əрқашан 100% мəнін көрсетеді жəне есептеулер мəнсіз болады.
Қуат күтпеген жерден өшіп қалады
 
y
Экран автоматты түрде өшті ме?
Қуат əлі де қосулы, экранды түртіп көріңіз.
 
y
Орнатылған уақытқа тəуелсіз, экран жұмысты бастау кезінде өшіп қалуы мүмкін.
Тіпті экранмен жұмыс істегеннен кейін де дисплей 
жаңару үшін ұзақ уақытты алады.
 
y
Жалғанған ауа салқындату блоктарының байланыс күйіне байланысты, бұл біраз уақытты алуы 
мүмкін. Бір сəт күтсеңіз, экран жаңарады.
Түрлі түсті сұйық кристалды дисплей экраны
 
y
Экранда жанбайтын немесе үнемі жанып тұратын нүктелер болуы мүмкін, бірақ бұл ақаулықтың 
көрсеткіші емес.
Сонымен қатар, түрлі түсті сұйық кристалды дисплейге температура немесе басқа өзгерістерге 
байланысты түссізденуді көрсету тəн, бірақ бұл ақаулықтың көрсеткіші емес.
Құрылғы түймелерді түрткеннен кейін де жұмыс 
істемейді
 
y
Ұзақ уақыт бойы қолданғаннан кейін, экранның позициясымен салыстырғанда сенсорлы панельдегі 
жұмыс істеу позициялары ысырылуы мүмкін.
Сатып алған жеріңізбен немесе қызмет көрсету агентіңізге хабарласыңыз.
Қашықтықтан басқару контроллерлерінде 
операцияларға тыйым салған кезде жəне 
операцияны бастау немесе аяқтау сияқты ауа 
салқындату блоктарындағы параметрлерді 
өзгерте алмағанда осы блок ақаулыққа ұшырайды
 
y
Қызмет көрсету жұмысшылары келгенше, уақытша тоқтату шарасы ретінде осы блок пен 
деректерді жіберуге арналған адаптерді өшіріп, одан кейін ішкі блоктарды өшіріп, оларды 
қайта қосыңыз. Жергілікті қашықтықтан басқару контроллерлерін пайдалану мүмкін болмайды. 
Қашықтықтан басқару контроллерлері жоқ жүйелер іске қосылмайтын болады.
Бұл құрылғыларда қуатты апатты өшіру 
функциясы бар жəне қуат қайта қалпына келген 
соң, құрылғылар автоматты түрде өздері қалпына 
келмейді
 
y
Қуат қайта қалпына келген соң, бұл блок автоматты түрде қайта қалпына келмейді. Жоспарланған 
уақытқа жеткен кезде, блок жоспарланған параметрге ауысады.
Бірде бір ішкі блок жүктелмеген
 
y
Конфигурацияны растаңыз.
Экранда төмендегідей хабар пайда болады
 
y
Ауа салқындату блоктарының жүйесінде өзгерістер болса, [Check configuration] 
(Конфигурацияларды тексеру) түймесін түрткен кезде осы хабар көрсетіледі.
 
y
Егер осы хабар көрсетілсе, сатып алған жеріңізге немесе қызмет көрсету агентіңізге хабарласыңыз.