Panasonic CZ256ESMC3 Guida Al Funzionamento

Pagina di 204
201
Қо
сымша
Қо
сымша
Тазалау және техникалық қызмет 
көрсету кезіндегі сақтық шаралары
Блокты тазалау немесе техникалық қызмет көрсету кезінде келесі шараларды сақтаңыз.
Тазалау кезінде қуат сымын ажыратыңыз.
Блоктың электр қосылыстары аса қауіпті болатын өте жоғары кернеуге ие бөліктерді қамтиды, сондықтан тазалау кезінде сақ болыңыз. 
Тазаламас бұрын жүйені тоқтатып, розеткадан электр ашасын ажыратқаныңызға көз жеткізіңіз.
Бейтарап жуғыш затты қолданыңыз
Басты блоктан жəне сенсорлы панельдің бетінен кірді тазалап жатқанда жылы сумен немесе бейтарап жуғыш зат ерітіндісімен 
ылғалданған жұмсақ матаны пайдаланыңыз жəне сүртпес бұрын матаны жақсылап сығыңыз.
Бензол немесе еріткіштерді, жеміргіш ұнтақтар немесе сұйық зиянкестер спрейлері сияқты ұшпа химиялық заттарды пайдаланудан 
аулақ болыңыз, себебі олар блоктың қабаты мен сенсорлы панелін зақымдауы мүмкін.
Судың блокка тікелей тиюіне жол бермеңіз
Судың блокка тікелей тиюінен сақ болыңыз.
Электрлік оқшаулану мүмкін болатын ақаулыққа жəне электр тогының соғуына əкеліп, нашарлауы мүмкін.
Бөлшектемеңіз.
Бұл блокты бөлшектемеңіз.
Бұл аса қауіпті электр тогының соғуына əкелетін ақаулықты туындатуы мүмкін.
Бекіткіштерді тексеру
Басқару панелі əлі де мықты бекітілгеніне көз жеткізу үшін жылына бірнеше рет бекіткіштерді тот басу мен коррозияға тексеруіңіз қажет.