Panasonic TH-47LFT30W Guida Al Funzionamento

Pagina di 18
4
 
Бағдарламалық драйвердің операциялық ортасы
Windows XP (SP3 немесе кейінірек шыққан нұсқасы), Windows XP x64 Edition (SP2 немесе кейінірек 
шыққан нұсқасы), Windows Vista (SP1 немесе кейінірек шыққан нұсқасы), Windows Vista x64 Edition 
(SP2 немесе кейінірек шыққан нұсқасы), Windows 7 жəне Windows 7 x64 Edition жүйелерінің жапон 
жəне ағылшын тілдеріндегі нұсқалары бағдарламалық драйверді қолдайды.
Бағдарламалық драйверді дұрыс орнату жəне іске қосу үшін келесі орта қажет.
<Windows XP/Vista/7>
•  Орталық процессор …  Pentium IV немесе кейінірек шыққан нұсқасы (2 ГГц немесе одан жылдамырақ 
Celeron немесе Pentium 4 ұсынылады)
• Жад … 512 мегабайт немесе одан жоғары 
• Қатты диск … 150 мегабайт немесе одан жоғары бос орын
• USB 1.1/2.0 интерфейсімен үйлесімді
 
Бағдарламалық драйвер шектеулері
•  Тоқтатылған күйден қалпына келтіргенде немесе экран қорғауышы блоктан шығарылғанда, 
тінтуір эмуляциясы функциясын Windows жүйесі іске қосылған кезде пайда болатын жүйеге кіру 
терезесінде пайдалану мүмкін емес. Тінтуір эмуляциясы функциясы сіз жүйеге кіргеннен кейін іске 
қосылады.
•  Сенсорлық тақтаны түрту арқылы экранды тоқтатылған күйден іске қосатын қашықтан іске қосу 
функциясы жоқ.
•  Егер жүйеңіз жоғарыда көрсетілген талаптарға сəйкес болмаса немесе бағдарламалар үшін тым 
көп жад пайдаланылса, сенсорлық тақтаның əрекеті баяулауы мүмкін. 
•  Тек Windows жүйесіне қолдау көрсетіледі. (Жоғарыда көрсетілген ортадан басқа орталарда жұмыс 
істеуіне кепілдік берілмейді.)
•  Егер Windows Vista/7 жүйесі мен есептік жазбаларды бақылау пайдаланылса, сипаттар терезесі 
сияқты кіру үшін əкімші рұқсатын қажет ететін терезелер пайда болғанда сенсорлық тақта 
сенсорлық күйде жұмыс істемейді.
 
Драйверлерді бірге қосуға қойылатын шектеулер 
•  Егер осы бағдарламалық драйвер орнатылған компьютерге басқа өндірушінің драйверін орнатуға 
əрекет жасасаңыз немесе керісінше басқа драйвер орнатылған компьютерге осы бағдарламалық 
драйверді орнатуға əрекет жасасаңыз, драйвер дұрыс орнатылмауы мүмкін.
Мұндай жағдайда, бұрыннан бар драйверді жойып, жаңа драйверді орнатыңыз.
Сондай-ақ, егер осы бағдарламалық драйвер жұмыс істеп жатқанда басқа өндірушінің драйвері іске 
қосылса, “A driver is already running.” деген қате туралы хабар көрсетіледі.
Мұндай жағдайда, екі драйверден де шығып, пайдаланғыңыз келетін драйверді іске қосыңыз.
Орнату процедурасы
Компьютерді дисплейдің USB портына қосыңыз
(7-бет)
1
Бағдарламалық драйверді компьютеріңізге орнатыңыз
(5-бет)
USB кабелін əлі қоспаңыз.
Компьютеріңізді қайта іске қосыңыз
•  Компьютеріңіз қайта іске қосылғаннан кейін тапсырмалар тақтасында 
 
белгішесінің пайда болғанын тексеріңіз.
2
3
Сенсорлық тақтаны калибрлеңіз
(15-бет)
Негізгі орнату осымен аяқталады.
4