Panasonic TH-47LFT30W Guida Al Funzionamento

Pagina di 18
5
Бағдарламалық драйверді орнату
Орнату жөніндегі ескертпелер
Бағдарламалық драйверді орнатқаннан кейін USB кабелін қосыңыз.
Windows Vista/7 үшін : 
 
Қалыпты пайдаланушылардың бағдарламалық драйверді орнатуы үшін 
олар əкімші құпия сөзін енгізуі тиіс. Егер есептік жазбаларды бақылау (UAC) 
ажыратылған болса, жүйеге əкімші құқықтарымен кіру керек.
Windows XP үшін : 
Жүйеге əкімші құқықтарымен кіріңіз.
Windows Vista/7 жүйесінде, орнату кезінде сол жақта 
көрсетілген хабарға ұқсас ескерту хабары көрінуі 
мүмкін.
1
“Install this driver software anyway” бөлімін басыңыз.
Берілген CD-ROM дискісін компьютеріңізге жүктеңіз.
Орнату бағдарламасын орындаңыз.
Windows Vista/7 үшін :  Таңдаңыз: [Start] (Windows белгісінің түймесі) → [All Programs] → 
[Accessories] → [Run...].
Windows XP үшін : 
 Таңдаңыз: [Start] → [Run...] → setup.exe.
Берілген CD-ROM дискісіндегі setup.exe 
бағдарламасы орындалғанда, сол жақта берілген 
экран көрсетіледі.
*  Есептік жазбаларды бақылау терезесі пайда болса, кіру үшін “Yes” түймесін басыңыз немесе соған 
ұқсас таңдау жасаңыз. 
Ескертулер
•  Бұл бағдарлама Panasonic сенсорлық тақтасы ZXY100 контроллеріне арналған бағдарламалық драйвер 
болып табылады. Басқа сенсорлық тақта контроллерлері қолданылмайды.
•  Осы бағдарламаны пайдалану үшін осы пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар 
орындалмаса, бұл өнім жұмыс істемеуі мүмкін.
•  Өнімді басқа сенсорлық тақта контроллерінің бағдарламасы орнатылған ортада пайдаланбаңыз. Мұндай 
ортада өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
•  Бағдарламалық драйвер орнату бағдарламасын (setup.exe) орындау арқылы жүктеледі.
Егер бұл бағдарламаның бұрынғы нұсқасы орнатылған болса, осы бағдарламаны орнатудан бұрын оның 
бұрынғы нұсқасын жойыңыз.