Philips MCM3350/12 ユーザーズマニュアル

ページ / 24
9
KK
3  Жұмысты 
бастау
Ескерту
 
Осы жердегіден басқа басқару элементтерін, 
реттеулерді пайдалану немесе техникалық қызмет 
көрсету процедураларын орындау зиянды сәуленің 
шығуын немесе қауіпсіз жұмысты тудыруы мүмкін.
Әрдайым осы тараудағы нұсқауларды реті 
бойынша орындаңыз.
Динамиктерді қосу
Ескертпе
 
Әрбір динамик сымының жалаңаш бөлігін ұяшыққа 
толықтай енгізіңіз.
 
Жақсырақ дыбыс сапасы үшін тек жинақпен берілген 
динамиктерді пайдаланыңыз.
Оң жақ динамик үшін негізгі бөлікте 
«R» (ОҢ) деп белгіленген ұяшықтарды 
табыңыз.
Қызыл сымды қызыл (+) ұяшыққа, қара 
сымды қара (-) ұяшыққа қосыңыз.
Сол жақ динамик үшін негізгі бөлікте 
«L» (СОЛ) деп белгіленген ұяшықтарды 
табыңыз. 
Сол жақ динамик сымын қосу үшін 
2-қадамды қайталаңыз. 
Әр динамик сымын қосу үшін:
Ұяшық қақпағын төмен басып тұрыңыз.
Динамик сымын толығымен салыңыз.
Ұяшық қақпағын жіберіңіз.
  
FM антеннасын жалғау
Кеңес
 
Оңтайлы қабылдау үшін антеннаны толығымен 
ұзартыңыз және күйін реттеңіз.
 
Жақсырақ FM стерео қабылдау үшін сыртқы FM 
антеннасын FM AERIAL ұясына жалғаңыз.
Жинақтағы FM антеннасын өнімнің 
артындағы FM AERIAL ұясына жалғаңыз.