Philips BT3600B/00 ユーザーズマニュアル

ページ / 16
11
KK
7  Ақаулықтарды 
жою
Абайлаңыз
 
Бұл құрылғының сыртқы корпусын шешуші болмаңыз.
Кепілдіктің жарамдылығын сақтау үшін жүйені 
ешқашан өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. 
Бұл құрылғыны пайдалану кезінде 
мәселелерге кезіксеңіз, қызмет сұраудан 
бұрын төмендегі тармақтарды тексеріп 
шығыңыз. Егер мәселе шешілмесе, Philips веб-
бетіне (www.philips.com/support) өтіңіз. Philips 
компаниясына хабарласқанда, құрылғының 
жақында болуын және үлгі нөмірі мен 
сериялық нөмір көрініп тұруын қамтамасыз 
етіңіз.
Жалпы ақпарат
Қуат жоқ
•  Динамикті зарядтаңыз.
Дыбыс жоқ
 • Динамикте немесе Bluetooth қосылған 
құрылғыда дыбыс деңгейін реттеңіз.
 • Bluetooth құрылғысының тиімді жұмыс 
ауқымында екенін тексеріңіз.
Динамиктен жауап жоқ
 • Динамикті қайта іске қосыңыз.
Жарықдиодты индикатор тұрақты қызыл 
түсте жанып тұр және қандайда бір пернені 
басқанда динамик жауап бермейді. 
 • Динамик DEMO режимінде тұр. 
Режимнен шығу үшін MULTIPAIR   
түймесін 15 секунд басып тұрыңыз.
Bluetooth құрылғысы туралы
Bluetooth функциясы қосылған құрылғымен 
байланыс орнағаннан кейін дыбыс сапасы 
нашар.
 • Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны 
осы өнімге жақын орналастырыңыз 
немесе олардың арасындағы барлық 
кедергілерді алып тастаңыз.
Құрылғыға қосылу мүмкін емес.
 • Құрылғының Bluetooth функциясы 
қосылмаған. Функцияны қосу жолдарын 
құрылғының пайдаланушы нұсқаулығынан 
қараңыз.
 • Бұл өнім жұптастыру режимінде емес. 
MULTIPAIR түймесін екі секунд бойы 
басып тұрыңыз, содан кейін әрекетті 
қайталаңыз.
Жұпталған құрылғы тұрақты қосылып, 
ажырайды.
 • Bluetooth қабылдауы нашар. Құрылғыны 
осы өнімге жақын орналастырыңыз 
немесе олардың арасындағы барлық 
кедергілерді алып тастаңыз.
 • Кейбір құрылғыларда Bluetooth 
қосылымы қуатты үнемдеу мүмкіндігі 
ретінде автоматты түрде ажыратылуы 
мүмкін. Бұл өнімнің бұзылғанын 
білдірмейді.