Samsung 340 Вт., 3.1-канальный Беспроводной Саундбар HW-K550 ユーザーズマニュアル

ページ / 105
17
KAZ
БАЙЛАНЫСТАР
  
 
● Өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын 
тексеріңіз.
 
● Егер негізгі құрылғы өшірулі болса, сымсыз сабвуфер күту режимінде болады және алдыңғы 
жақтағы КҮТУ жарық диоды қызыл түспен тікелей жыпылықтайды. (көк жарық диодынсыз).
 
● Егер Soundbar жүйесінің жанында Soundbar жүйесімен бірдей жиілікті (2,4 ГГц) пайдаланатын 
құрылғы қолдансаңыз, кедергіден дыбыс біраз жоғалуы мүмкін.
 
● Негізгі құрылғы мен сабвуфердің арасындағы сымсыз сигналдардың жіберілу қашықтығы – 
шамамен 10 м, алайда жұмыс істеу ортасына байланысты басқаша болуы мүмкін. Егер негізгі 
құрылғы мен сымсыз сабвуфердің арасында темір бетонды немесе метал қабырға болса, сымсыз 
сигналдар темірден өте алмайтын болғандықтан жүйе мүлде жұмыс істемеуі мүмкін.
 
● Егер негізгі құрылғы сымсыз қосылым орнатпаса, негізгі құрылғы мен сымсыз сабвуфердің 
арасында қосылымды қайта орнату үшін алдыңғы беттегі 1-5-ші қадамдарды орындаңыз.
  
 
● Сымсыз қабылдағыш антенна сымсыз сабвуферге орнатылған. Құрылғыны судан және ылғалдан 
аулақ ұстаңыз.
 
● Оңтайлы түрде тыңдау үшін, сымсыз сабвуфердің айналасында кедергілердің жоқ екенін 
тексеріңіз.
САБВУФЕРДЕГІ ЖАРЫҚ ДИОДТЫ ИНДИКАТОР ШАМЫНЫҢ КҮЙІ
Жарық диоды 
Күй
Сипаттама 
Шешім
Қызыл
Қосулы
Күту режимі  
(Soundbar негізгі блогы өшірулі)
Soundbar негізгі блогына қуат 
берілуін тексеріңіз
Қосылым орнатылмады
Қайта жалғаңыз  
(пайдаланушы нұсқаулығындағы 
қолмен орындалатын қосылым 
бойынша нұсқауларды қараңыз)
Көк
Қосулы
Сәтті қосылды (қалыпты жұмыс)
-
Жыпылықтайды
Күту режимі  
(Soundbar негізгі блогы өшірулі)
Soundbar негізгі блогына қуат 
берілуін тексеріңіз
Қосылым орнатылмады
Қайта жалғаңыз  
(пайдаланушы нұсқаулығындағы 
қолмен орындалатын қосылым 
бойынша нұсқауларды қараңыз)
Қызыл және көк Жыпылықтайды
Ақаулық
Қызмет көрсету орталығына 
хабарласыңыз.