Samsung 340 Вт., 3.1-канальный Беспроводной Саундбар HW-K550 ユーザーズマニュアル

ページ / 105
19
18
БАЙЛАНЫСТАР
SWA-8000S ҚОСУ (БӨЛЕК САТЫЛАДЫ)
  
 
● Soundbar құрылғысына Samsung сымсыз артқы динамиктер жинағын (SWA-8000S) жалғау 
арқылы сымсыз айнала дауысын көтеріңіз. (Бөлек сатылады)
 
● Сымсыз қабылдағыш модулін қоспас бұрын, алдымен сабвуферді қосыңыз.
 
● Сымсыз қабылдағыш модулін динамиктерге қосу үшін, динамик кабелін қолданыңыз.
 
● уат сымын желі розеткасына жалғаңыз. Жарық диод қосылады.
1.  Негізгі құрылғы өшірілгенде (КҮТУ режимінде) қашықтан басқару құрылғысындағы   (Дыбысын өшіру) 
түймесін 5 секунд бойы басып тұрыңыз.
2.  ID SET хабары Soundbar дисплейінде пайда болады.
3.  Сымсыз қабылдағыш модулінің (SWA-8000S) қуат сымын қабырғадағы айнымалы ток розеткасына 
жалғаңыз.
4.  SWA-8000S жиынтығындағы байланыстыру индикаторы (көк түспен жанатын жарық диоды) жылдам 
жанған кезде Soundbar құрылғысын қосыңыз.
5.  Сабвуфердегі және SWA-8000S жиынтығындағы байланыстыру индикаторлары (көк түспен жанатын 
жарық диодтары) жарқылдап, одан соң үздіксіз жыпылықтаған кезде SWA-8000S жиынтығының 
толығымен қосылғанын білдіреді.
  
 
● Бұл бірнеше минутқа созылуы мүмкін.
 
● Қосылған соң, Soundbar құрылғысы мен сымсыз қабылдағыш модулі өшіріліп, қайта қосылса да, 
автоматты түрде қайта байланыстырылады.
Егер сымсыз қабылдағыш модулі Soundbar құрылғысымен байланыстырылмаған болса (жарық 
диодты индикатор қызыл түспен көрсетіледі), оларды төмендегідей қосыңыз.
1.  Soundbar құрылғысын өшіріңіз.
2.  Қашықтан басқару құрылғысындағы  (Дыбысын өшіру) түймесін 5~6 секунд бойы ID SET хабары 
Soundbar құрылғысының дисплейінде пайда болғанша басып тұрыңыз.
3.  Сымсыз қабылдағыш модулінің күту күйінде болғанын тексеріңіз (жарық диодты индикатор қызыл түспен 
көрсетіледі).
4.  Сымсыз қабылдағыш модуліндегі БАЙЛАНЫС жарық диодты индикаторы (көк түспен) жыпылықтай 
бастағанша, артқы жақтағы 
ID SET түймесін өткір істікпен 5~6 секунд басып тұрыңыз.
5.  Soundbar құрылғысын қашықтан басқару пультіндегі   түймесімен қосып, біраз уақыт күте тұрыңыз. 
БАЙЛАНЫС жарық диодты индикаторы (көк түспен) тұрақты түрде жанып тұрса, бұл олардың 
толығымен байланыстырылғанын білдіреді.