Samsung WB350F ユーザーズマニュアル

ページ / 172
Ойнату/Өңдеу
  105
Файлдарды Windows операциялық жүйесі 
орнатылған компьютерге тасымалдау
Камераны компьютерге алынбалы диск ретінде жалғаңыз.
Камераны алынбалы диск ретінде жалғау үшін компьютерде Windows XP, 
Windows Vista, Windows 7 немесе Windows 8 жүйесі орнатылған болуы 
керек.
Режимді таңдау дискісін n күйіне бұраңыз.
Қосылым мүмкіндігі → i-Launcher → Өшірулі таңдаңыз.
Камераны өшіріңіз.
Камераны USB кабелімен компьютерге жалғаңыз.
USB кабельінің кіші басын камераңызға қосыңыз. Кабель дұрыс 
қосылмаған жағдайда файлдар зақымдалуы мүмкін. Өндіруші 
деректердің жоғалуына жауапты емес.
Камераны қосыңыз.
•   Компьютер камераны автоматты түрде таниды.
Компьютерде Менің компьютерім → Алынбалы диск → 
DCIM → 100PHOTO таңдаңыз.
Файлдарды компьютерге сүйреңіз немесе сақтаңыз.
Файлдарды компьютерге тасымалдау
Файлдарды камераның жад картасынан компьютерге тасымалдау үшін камераны компьютерге жалғаңыз.