Samsung WB350F ユーザーズマニュアル

ページ / 172
Файлдарды компьютерге тасымалдау
Ойнату/Өңдеу
  106
Камераны ажырату (Windows XP жүйесінде)
Windows Vista, Windows 7 және Windows 8 жүйелерінде камераны 
ажырату әдістері ұқсас.
Егер камерадағы күй шамы жыпылықтаса, ол тоқтағанша 
күтіңіз.
Компьютер экранының төменгі оң жағында құралдар 
тақтасындағы   басыңыз.
Қалқымалы хабарды басыңыз.
Камераны қауіпсіз түрде алып тастауға болатынын білдіретін 
хабар жолағын басыңыз.
USB кабелін алып тастаңыз.
Файлдарды Mac операциялық жүйесі орнатылған 
компьютерге тасымалдау
Камераны Mac компьютеріне жалғаған кезде компьютер құрылғыны 
автоматты түрде таниды. Ешбір бағдарламаны орнатпай файлдарды 
тікелей камерадан компьютерге тасымалдауға болады.
Mac OS 10.5 немесе кейінгі нұсқасына қолдау көрсетіледі.
Камераны өшіріңіз.
Камераны USB кабелімен Mac компьютеріне жалғаңыз.
USB кабельінің кіші басын камераңызға қосыңыз. Кабель дұрыс 
қосылмаған жағдайда файлдар зақымдалуы мүмкін. Өндіруші 
деректердің жоғалуына жауапты емес.