Samsung WB350F ユーザーズマニュアル

ページ / 172
Суретке түсіру параметрлері
  85
Қатарынан түсіру режимдерін пайдалану
Жылдам қозғалатын нысандардың фотосуреттерін түсіру немесе фотосуреттердегі нысандардың табиғи жүз әлпеттері мен ымдарын түсіру қиын болуы 
мүмкін. Әрі экспозицияны дұрыс реттеп, дұрыс жарық көзін таңдау қиын болуы мүмкін. Бұл жағдайларда қатарынан түсіру режимдерінің біреуін таңдаңыз. 
Әрі суретке түсіруді кідірту үшін таймерді орнатуға болады.
  p A h M s i g
Кадрдағы нысанды туралап, фокустау үшін [Ысырма
түймесін жартылай басыңыз.
[Ысырма] басып ұстап тұрыңыз.
•   [Ысырма] басқан кезде камера фотосуреттерді үздіксіз түсіреді.
•  
Қол жетімді параметрлер суретке түсіру шарттарына қарай әр түрлі 
болуы мүмкін.
•  
Таңдалған Жүзді анықтау параметрлеріне қарай кейбір Суретке түсіру 
параметрлері қол жетімді болмауы мүмкін.
•  
Жад картасының сыйымдылығына және өнімділігіне қарай 
фотосуреттерді сақтау ұзаққа созылуы мүмкін.
•  
Кейбір режимдерде [m] басып, кейін Жетек/таймер таңдап, суретке 
түсіру параметрін орнатуға болады.
Үздіксіз фотосуреттерді түсіру
Суретке түсіру режимінде [t] басыңыз.
Параметрді таңдаңыз.
Белгіше Сипаттама 
Үздіксіз жоғары: секундына 7,1 фотосуретті үздіксіз түсіру 
(қатарынан 6 дейін фотосурет түсіруге болады).
Үздіксіз қалыпты: секундына 3 фотосуретті үздіксіз түсіру 
(қатарынан 6 дейін фотосурет түсіруге болады).
Жалғыз: бір фотосуретті түсіру (Жалғыз қатарынан түсіру 
параметрі емес).