Samsung WB350F ユーザーズマニュアル

ページ / 172
Қатарынан түсіру режимдерін пайдалану
Суретке түсіру параметрлері
  86
Таймерді пайдалану
Суретке түсіру режимінде [t] басыңыз.
Параметрді таңдаңыз.
Белгіше Параметр 
2 сек: фотосуретті 2 секундтық кідірістен кейін түсіру.
10 сек: фотосуретті 10 секундтық кідірістен кейін түсіру.
•  
Таймерді болдырмау үшін [Ысырма] басыңыз. 
•  
Кейбір режимдерде [m] басып, Жетек/таймер немесе Таймер 
таңдап, суретке түсіру параметрін орнатуға болады.
Брекеттелген фотосуреттерді түсіру
Бір нысанның бірнеше фотосуретін түрлі экспозиция мәндерімен түсіру 
үшін автоматты экспозиция брекетингі мүмкіндігін пайдалануға болады.
Суретке түсіру режимінде [t] басыңыз.
АЭ брекетингі таңдаңыз.
•  
[Ысырма] басқан кезде камера әр түрлі экспозициямен қатарынан  
3 фотосуретті түсіреді: қалыпты, жарық көзінде кем ұсталған және 
жарық көзінде артық ұсталған.
•  
Экспозиция мәндерін орнату үшін [m] басып, АЭ брекетингін 
орнату таңдаңыз.
•  
Фотосурет түсіру ұзаққа созылуы мүмкін. Жақсы нәтижелерге қол 
жеткізу үшін штативті пайдаланыңыз.