Panasonic ERSB60 操作ガイド
57
Қа
зақша
Дайындау
Зарядтау
• Құрылғыны өшіріңіз.
• Құрылғының ұяшығындағы және зарядтау құрылғысындағы су
тамшыларын сүртіп алыңыз.
1
Құрылғы айырын құрылғының
ұяшығына қосыңыз.
2
Адаптерді розеткаға қосыңыз.
•Қуаттау күйін көрсететін шам ( ) жанып
тұрғанын тексеріңіз.
•Зарядтау шамамен 1 сағаттан кейін
аяқталады.
1
2
3
Зарядтау аяқталғаннан соң адаптерді
ажыратыңыз.
Зарядталу кезінде
Зарядталу аяқталғаннан кейін
Қуаттау күйін көрсететін шам ( )
жанып тұрады.
Зарядтау орындалып жатқанда
батарея зарядының шамы «LOW»
(ТӨМЕН), «MID» (ОРТАША) және
«HIGH» (ЖОҒАРЫ) ретімен
жыпылықтайды.
Батарея зарядының шамы және
қуаттау күйін көрсететін шам ( )
жанады, сөйтіп 5 секундтан кейін
өшеді.
Ескертпелер
• Егер құрылғыны пайдалану немесе зарядтау кезінде радиодан
немесе басқа көздерден шу болса, құрылғыны пайдалану үшін
басқа жерге жылжыңыз.
• Батарея күйі 6 айдан астам пайдаланылмаса нашарлайды,
сондықтан, кемінде 6 ай сайын бір рет толық зарядтауды орындаңыз.
• Құрылғыны бірінші рет пайдаланып жатқанда немесе 6 айдан
көбірек пайдаланылмаса, зарядтау уақыты басқаша болуы мүмкін.
Зарядтауды бірінші рет бастағанда құрылғыдағы шам бірнеше минут
бойы жанбауы мүмкін, бірақ зарядтауды жалғастырғанда ол жанады.
•Қуаттауға ұсынылған қоршаған орта температурасы - 10 °C – 35 °C
құрау керек. Егер температура тым төмен немесе тым жоғары болса
зарядтау ұзағырақ болуы немесе қуаттау күйін көрсететін шам ( )
жылдам жыпылықтауы және батарея жақсы зарядталмауы мүмкін.
•Қуаттау күйін көрсететін шам ( ) тез жыпылықтап жатса (секундына
екі рет), зарядтау ақаулығы бар. Батареяны ұсынылатын қоршаған
орта температуралары ауқымында зарядтаңыз.
• Толық зарядталған құрылғыны үздіксіз шамамен 60 минут уақытта
пайдалануға болады. (20 °C – 30 °C температурасында құрғақ күйде
пайдалануға негізделген)
Жұмыс уақыты пайдалану жиілігіне және пайдалану әдісіне
байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
• Литий-йонды батарея пайдаланылады, сондықтан, әрбір
пайдаланудан кейін зарядтау батареяның қызмет көрсету мерзіміне
әсер етпейді.
Зарядтау құрылғысымен зарядтау
1
2
3
1. Құрылғы айырын зарядтау құрылғысына кіргізіңіз.
2. Құрылғы корпусын зарядтау құрылғысына
қойыңыз.
3. Адаптерді розеткаға қосыңыз.
ER-SB60_CIS.indb 57
2017/08/04 16:27:39