LG LGD618 사용자 가이드

다운로드
페이지 403
81
Телефон жоғалған жағдайдағы байланысу ақпараты – құлыптау экранында 
иесі туралы ақпаратты көрсету-көрсетпеуді және иесі туралы ақпаратты теңшеу- 
теңшемеуді таңдаңыз.
Құлыптау таймері – экранның күту уақыты біткеннен экранның автоматты түрде 
құлыпталуына дейін қалған уақыт мөлшерін орнатуға мүмкіндік береді.
Қуат түймесі дереу құлыптайды – Қуат/құлып пернесі басылғанда экранды бірден 
құлыптау үшін белгілеңіз. Бұл параметр қауіпсіздік құлыптау таймерінің параметрінен 
басым болады.
< Негізгі сенсорлы түймешіктер >
Түймешік үйлесімдігі – негізгі экранның сенсорлы түймелерін қайта реттеу үшін 
белгішені апарыңыз. 5 негізгі экранның сенсорлы түймесіне дейін болуы мүмкін.
Түс – негізгі экранның сенсорлы түймелері үшін өң түсін орнатады. Оны ақ және 
қара түстен таңдаңыз.
< ШPИФТ >
Шрифт түрі – телефон мен мәзірлерге пайдаланылатын қаріп түрін орнатады.
Шрифт өлшемі: – телефон мен мәзірлерде көрсетілетін қаріп өлшемін орнатады.
< БАСҚА ЭКРАН ПАРАМЕТРЛЕРІ >
Жарықтығы – экранның жарықтығын реттейді. Ең жақсы батарея жұмысы үшін 
күңгірт қолайлы жарықтықты пайдаланыңыз.
Экранды автоматты бұру – телефон бағытына (кітаптық не альбомдық) қарай 
телефонды экранды автоматты түрде бұратын етіп қою үшін белгілеңіз.
Экран жарығының өшу уақыты – экран уақыты бітерден бұрын уақыт мөлшерін 
орнатады.
Зерделі экран – телефон бетіңізді анықтағанда экранның қосулы қалуына рұқсат 
ету құсбелгісі.
< ҚОСЫМША БАПТАУЛАР >
Экранды өшіру әсері – экран өшіру әсерін орнатады. Ретро ТВҚарақұрдым және 
Сөну арасынан таңдаңыз.
Daydream функциясы – қосу немесе өшіру үшін «Daydream» қосқышын түртіңіз. 
Қосу күйі телефон қондырмасында тұрғанда және/не зарядталып жатқанда ұйқы 
режимінде болса, экран сақтағышты көрсетілетін етіп қоюға мүмкіндік береді. 
Сағат 
және 
Google Photos опциясының бірін таңдаңыз.