Samsung AR5000 Настенный кондиционер, Faster Cooling, 9000 БТЕ/ч 사용자 설명서

다운로드
페이지 55
Қауіпсіздік шаралары
Жаңа ауа кондиционеріңізді пайдаланудан бұрын, жаңа құрылғыңыздың көптеген 
мүмкіндіктерін және атқарымдарын қауіпсіз және тиімді пайдалануды білу үшін 
осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Себебі, төмендегі пайдалану нұсқаулары түрлі кондиционер үлгілерін қамтиды, 
ауа кондиционеріңіздің сипаттары осы нұсқаулықта келтірілген сипаттардан 
өзгеше болуы мүмкін. Сұрақтарыңыз болса, жақын жердегі байланыс 
орталығына хабарласыңыз немесе желі бойынша көмек және ақпарат алу үшін 
www.saмsung.com торабына өтіңіз.
Маңызды қауіпсіздік таңбалары мен шаралары:
ЕСКЕРТУ
Қауіпті немесе тәуекелді әрекеттер 
ауыр жарақатқа 
немесе өлімге себеп болуы мүмкін.
САҚ БОЛЫҢЫЗ
Қауіпті немесе тәуекелді әрекеттер жеңіл 
жарақатқа 
немесе мүліктің бұзылуына себеп болуы мүмкін.
Нұсқауларды орындаңыз.
Қуат сымын розеткадан ажыратыңыз.
МҰНЫ орындамаңыз.
Бөлшектемеңіз.
Электр тоғының соғуын болдырмау үшін кондиционердің жерге 
қосылғанын тексеріңіз.
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ
Қуат сымының ашасын өнімде көрсетілген қуат сипаттарына сәйкес немесе 
одан жоғары розеткаға қосыңыз және осы розетканы тек осы құрылғы үшін 
қолданыңыз. Бұдан басқа, ұзартқыш қуат сымын пайдаланбаңыз.
  Желілік қуат шоғырсымын ұзарту электр тоғының соғуына және 
өртенуге әкеп соғуы мүмкін.
  Электр трансформаторын қолданбаңыз. Электр тоғының соғуына немесе 
өртке себеп болуы мүмкін.
  Егер токтың кернеуі/жиілігі/шамасы нақтылы шарттарға сәйкес келмесе, 
өрт шығуы мүмкін.
Бұл аспапты кәсіби маман немесе қызмет көрсету компаниясы 
орнатуы тиіс.
  Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, өртке, жарылысқа, 
өнім ақаулығына немесе жарақатқа себеп болуы мүмкін.
Кондиционердің қуатына арналған ажыратқыш немесе автоматты 
ажыратқыш орнатыңыз.
  Осы талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе тұтануға әкеп 
соғуы мүмкін.
Сыртқы блоктың электр бөлігін ауа әсерінен қорғайтындай етіп 
мықтап бекітіңіз.
  Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртке себеп 
болуы мүмкін.
Қазақша-4
Дайындау
A3050 ER_IB&IM_DB68-04105A-06_HP_KK.indd   4
2016/1/4   11:29:22