Samsung AR5000 Настенный кондиционер, Faster Cooling, 9000 БТЕ/ч 사용자 설명서

다운로드
페이지 55
Бұл аспапты қыздырғыштың және тез тұтанатын материалдардың 
қасына орнатпаңыз. Бұл аспапты дымқыл, маймен ластанған немесе 
шаң басқан жерлерге, күн сәулесі тікелей түсетін немесе су (жаңбыр 
тамшысы) ағатын жерлерге орнатпаңыз. Бұл аспапты газдың кеміп 
қалуы мүмкін жерге орнатпаңыз.
  Бұл электр тоғының соғуына немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Сыртқы блокты биік сыртқы қабырғаға орнатпаңыз, ол жерден құлап 
кетуі мүмкін.
  Егер сыртқы блок құлап кетсе, жарақатқа, өлімге немесе мүліктің 
бұзылуына себеп болуы мүмкін.
Аспапты тиісті түрде жерге тұйықтауға болады. Құрылғыны газ 
құбырымен, пластикалық су құбырымен немесе телефон сымымен 
жерге қосуға болмайды.
  Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына, өртке, жарылысқа 
немесе басқа өнім ақаулықтарына себеп болуы мүмкін.
  Ашалы розетка жерге тұйықталғандығына көз жеткізіңіз.
ОРНАТУ
САҚ БОЛЫҢЫЗ
Құрылғыны салмағын көтеретін көлденең және қатты жерге орнатыңыз.
  Бұл талапты орындамау қалыпсыз дірілге, шуға немесе өнімнің 
ақаулықтарына себеп болуы мүмкін.
Судың дұрыс ағуы үшін ағызатын шлангты дұрыстап орнатыңыз.  
  Бұл талапты орындамау қалыпсыз дірілге, шуға немесе өнімнің 
ақаулықтарына себеп болуы мүмкін.
Сыртқы блокты орнатқан кезде, су ағызатын шлангты су дұрыс 
ағатындай етіп қосыңыз.
  Сыртқы блокта жылыту тәртібі барысында жиналған су сыртқа ағып 
кетуіне және мүліктің бұзылуына себеп болуы мүмкін.  
Одан басқа, қысқы мерзімде, егер қатқан мұз бөлшегі құлап кетсе, ол 
жарақатқа, өлімге немесе мүліктің бұзылуына себеп болуы мүмкін.
ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕ ҚОСУ
ЕСКЕРТУ
Сөндіргіш сынған кезде жақын жердегі сервистік орталыққа жүгініңіз.
Қуат сымын тартпаңыз немесе қатты бүкпеңіз. Қуат сымын өрмеңіз немесе 
байламаңыз. Қуат сымын темір заттың үстіне ілмеңіз, қуат сымының үстіне 
ауыр зат қоймаңыз, қуат сымын заттар арасына салмаңыз немесе қуат 
сымын құрылғының артындағы кеңістікке баспаңыз.
  Бұл электр тоғының соғуына немесе өртке себеп болуы мүмкін.
Қазақша-5
ДА
Й
Ы
Н
ДА
У
01
A3050 ER_IB&IM_DB68-04105A-06_HP_KK.indd   5
2016/1/4   11:29:22