Samsung AR7000 Настенный кондиционер, Faster Cooling, 12000 БТЕ/ч 사용자 설명서

다운로드
페이지 59
Жаңа кондиционердің мүмкіндіктері
2-Step Cooling (2-қадаммен салқындату) функциясы
2-Step Cooling (2-қадаммен салқындату) функциясы орнатылған температураға жету үшін бөлмені 
жылдам салқындатады, одан кейін жайлы және салқындатулы күйде сақтау үшін желдеткіш 
жылдамдығын және ауа ағынының бағытын автоматты түрде реттейді.
Жайлы салқындату
Егер сізге жайлы және салқын ауа қажет болса, Comfort (Жайлы) функциясы салқын ауаны сізге 
тікелей үрлейді, сөйтіп сіз өзіңізді жайлы сезінетін боласыз.
Single User (Жалғыз пайдаланушы)
Үйде жалғыз өзіңіз болған кезде Single User (Жалғыз пайдаланушы) функциясын пайдаланыңыз. Ауа 
кондиционері Cool (Салқындату) режимінде жұмыс істеп тұрған кезде қуатты үнемдеуге көмектесу 
үшін бұл функция температура ауқымының шегін орнатады.
Оңай сүзгі
Ауа кондиционерінен сүзгіні бөліп алудан бұрын алынатын тор жоқ! Сондықтан, сүзгіні оңай әрі жиі 
тазалауға болады! Сүзгіні жиі тазалау шаңның өнімнің ішіне кіруіне немесе сүзгіде жиналуына жол 
бермейді.
Smart Install (Ақылды орнату)
Орнату аяқталған кезде, дұрыс орнатылғанын тексеру үшін өнім өзін-өзі іске қосып сынайды.
Оңай орнату
Орнату өте оңай! Өнімді қабырғаға оңай ілуге, құбырлары мен сымдарын өнімнің төменгі 
жағындағы қақпаты ашу арқылы жалғауға болады. Енді құбыр мен сымдарды жалғау үшін өнімді 
еңкейтудің қажет жоқ! 
 функциясы
 функциясы температураны, желдеткіш жылдамдығын және ауа ағыны бағытын реттеу 
арқылы сізге терең ұйқыға, жақсы түнгі ұйқыға кетуге мүмкіндік береді.
Осы құрылғыны дұрыс тастау 
(Қоқысқа тасталатын электр және электроника құрылғысы)
(Жеке қоқыс тастау жүйесін қолданатын елдерге қатысты)
Өнімге, оның керек-жарақтарына немесе құжаттарына салынған бұл белгі, құрылғыны жəне оның электроникалық керек-
жарақтарын (мысалы, зарядтағышы, құлақаспабы, USB сымы) қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін тұрмыстық қоқыспен бірге 
тастауға болмайды дегенді көрсетеді. Қоқысты дұрыс тастамаған кезде қоршаған ортаға жəне адамның денсаулығына келуі 
ықтимал зиянның алдын алу үшін, бұндай қоқыстарды басқа қоқыстардан бөліп, материал ресурстарын түбегейлі түрде қайта 
қолдану үшін қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. 
Жеке пайдаланушылар осы өнімді сатып алған бөлшек сауда орталығына немесе жергілікті əкімшілік мекемеге хабарласып, бұл 
заттарды қоршаған ортаға зиянсыз түрде қайта өңдеуден өткізу үшін қайда, қалай апарып тапсыруға болатыны туралы ақпарат 
алуы керек. 
Заңды тұлғалар өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу келісім-шартының шарттары мен талаптарын қарауға тиіс. 
Аталмыш өнімнің жəне оның керек-жарақтарын басқа қоқысқа тасталатын коммерциялық қалдықтарға араластырмау керек.
Егер сізге салқын ауаның күшті ағыны қажет болса, жылдам салқындату/жылыту атқарымын таңдау 
жеткілікті болады! Бұл арада ауа ағынының жылдамдығы максималды болады!
Жылдам салқындату
Қазақша-2