Samsung AR7000 Настенный кондиционер, Faster Cooling, 12000 БТЕ/ч 사용자 설명서

다운로드
페이지 59
Қауіпсіздік шаралары
Жаңа ауа кондиционеріңізді пайдаланудан бұрын, жаңа құрылғыңыздың 
көптеген мүмкіндіктерін және функцияларын қауіпсіз және тиімді 
пайдалануды білу үшін осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз.
Себебі, төмендегі пайдалану нұсқаулары түрлі кондиционер үлгілерін 
қамтиды, ауа кондиционеріңіздің сипаттары осы нұсқаулықта келтірілген 
сипаттардан өзгеше болуы мүмкін. Сұрақтарыңыз болса, жақын жердегі 
байланыс орталығына хабарласыңыз немесе желі бойынша көмек және 
ақпарат алу үшін  www.samsung.com торабына өтіңіз.
Маңызды қауіпсіздік таңбалары мен шаралары:
 
ЕСКЕРТУ
Қауіпті немесе тәуекелді әрекеттер ауыр жарақатқа 
немесе өлімге себеп болуы мүмкін.
 
АБАЙЛАҢЫЗ
Қауіпті немесе тәуекелді әрекеттер жеңіл жарақатқа 
немесе мүліктің бұзылуына себеп болуы мүмкін.
Нұсқауларды 
орындаңыз.
Қуат сымын розеткадан 
ажыратыңыз.
БҰНЫ орындамаңыз.
Бөлшектемеңіз.
Электр тоғының соғуын болдырмау үшін кондиционердің 
жерге қосылғанын тексеріңіз.
ОРНАТУ
ЕСКЕРТУ
Қуат сымын өнімнің қуат сипаттамаларына сәйкес немесе 
одан жоғарысымен  және қуат сымын тек осы құрылғымен 
пайдаланыңыз . Сонымен қатар, ұзартқыш сымдарды 
қолданбаңыз .
 Қуат сымын созу электр тогының соғуына немесе өртке себеп болады.
 Электр трансформаторын қолданбаңыз. Электр тоғының соғуына
немесе өртке себеп болуы мүмкін.
 Егер токтың кернеуі/жиілігі/шамасы нақтылы шарттарға сәйкес
келмесе, өрт шығуы мүмкін.
Бұл аспапты кәсіби маман немесе қызмет көрсету компаниясы 
орнатуы тиіс .
 Солай жасамау, электр тогының соғуына, өртке, жарылуға, өнімнің
ақаулықтарына немесе жарақатқа себеп болады және орнатылған
өнім кепілдігінің күшін жояды.
Ауа кондиционері (бірақ ауа кондиционерінің панельдерінің үстіне 
емес) және ауа кондиционеріне арналған ажыратқыштың жанына 
оқшаулағыш қосқыш орнатыңыз .
 Бұл талапты орындамау электр тоғының соғуына немесе өртке себеп
болуы мүмкін.
Дайындық
Қазақша-4