Samsung WB380F 사용자 설명서

다운로드
페이지 168
Глоссарий
Қосымшалар
  161
Оптикалық ұлғайту
Бұл - объективпен суреттерді кеңейтетін әрі суреттер сапасын 
төмендетпейтін жалпы ұлғайту.
Сапа
Сандық суретте пайдаланылатын сығу дәрежесінің өрнегі. Жоғары сапалы 
суреттер әдетте үлкен файл көлеміне әкелетін сығудың төмен деңгейіне ие.
Ажыратымдылық
Сандық суретте көрсетілетін нүктелер саны. Жоғары ажыратымдылықты 
суреттерде көптеген нүктелер бар және әдетте төмен ажыратымдылықты 
суреттерге қарағанда көп мәлімет көрсетеді.
Ысырма жылдамдығы
Ысырма жылдамдығы ысырманы ашуға және жабуға кететін уақыт 
шамасына қатысты, бұл фотосуреттің ашықтығындағы маңызды фактор 
болып табылады, себебі ол сурет датчигіне жетпес бұрын апертура 
арқылы өтетін жарық шамасын басқарады. Жылдам ысырма жылдамдығы 
жандыруға аз уақытты қажет етеді және фотосурет қаралау болып, 
қозғалыстағы нысандар оңай қатырылады.
Виньеттеу
Сурет орталығымен салыстырғанда сурет жарықтығын немесе қанықтығын 
периферияда азайту (сыртқы шеттері). Виньеттеу сурет ортасында 
орналасқан нысандарды белгілеуге мүмкіндік береді.
Ақ түс тепе-теңдігі (түс тепе-теңдігі)
Суреттегі түстер қарқындылығын баптау (әдетте, негізгі түстер - қызыл, 
жасыл және көк). Ақ түс тепе-теңдігін, түс тепе-теңдігін реттеудің мақсаты - 
суреттегі түстерді дұрыс көрсету.