Samsung WB380F 사용자 설명서

다운로드
페이지 168
Қосымшалар
  162
Осы өнімді пайдаға дұрыс асыру 
(Электр және электроникалық жабдық қалдықтары)
 (Қалдықтарды бөлек жинау жүйелері бар елдерде қолданылады)
 
 
Өнімдегі, оның керек-жарақтары немесе ілеспе кітапшасындағы белгі, осы 
өнім мен оның электроникалық керек-жарақтарын (мысалы, зарядтағыш 
құралы, құлаққабы, USB сымы), қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін 
басқа тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамау керек дегенді білдіреді. 
Қалдық дұрыс тасталмаған жағдайда қоршаған ортаға немесе адамдардың 
денсаулығына келетін ықтимал зиянды алдын алуға және материалдық 
ресурстарды пайдаға қайта асыруға өз үлесіңізді қосу үшін мұндай заттарды 
басқа қоқыс түрлерінен бөлектеп, қайта өңдейтін жерге апарып тапсырыңыз.
Тұрмыстық құрылғыны қолданушылар осы заттарды қоршаған ортаға 
залалсыз түрде қайта өңдеуден өткізу үшін тапсыру орны мен тапсыру 
әдістері туралы толық ақпаратты сол өнімді сатып алған бөлшек сауда 
орталығына немесе жергілікті мемлекеттік мекемеге хабарласып алуы керек.
Коммерциялық мақсатта қолданушылар өз жабдықтаушыларына 
хабарласып, сатып алу келісімшартының талаптарымен танысуы керек. Осы 
өнім мен оның электроникалық керек-жарақтарын басқа да коммерциялық 
өнімдердің қалдықтарымен араластырып тастауға болмайды.
PlanetFirst Samsung Electronics компаниясының тұрақты 
даму мен әлеуметтік жауапкершілік міндеттемелерін 
орындайтындығын оның қоршаған орта қағидаларына 
негізделген бизнесі мен басқару әрекеттері арқылы көрсетеді.
Осы өнімнің батареяларын дұрыс тастау
 (Қалдықтарды бөлек жинау жүйелері бар елдерде қолданылады)
 
 
Батареядағы, нұсқаулық немесе орамдағы мына белгі, осы өнімнің 
батареяларын, қолданыстан шыққаннан кейін басқа да тұрмыстық 
қалдықтармен бірге тастауға болмайды дегенді білдіреді. Егер батареяда 
Hg, Cd немесе Pb тәрізді химиялық элементтердің белгілері көрсетілсе, 
онда аталмыш батареядағы сынап, кадмий немесе қорғасынның мөлшері, 
Еуропалық Одақтың 2006/66 ережесінде ұсынылған деңгейден артық 
екендігін білдіреді. Батареяларды дұрыс тастамаған жағдайда, бұл 
элементтер адам денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтіруі 
мүмкін.
Табиғи ресурстарды қорғап, материалдарды қайта қолдануға өз үлесіңізді 
тигізу үшін, батареяларды басқа қоқыстардан бөліп, жергілікті қайтару 
жүйесі арқылы тегін қайта өңдеу үшін тапсырыңыз.