LG LGH422 Guia Do Utilizador

Página de 432
82
Параметрлер
Жоғалған телефон үшін контакт туралы ақпарат – 
құлыптау экранында иесі туралы ақпаратты көрсету-
көрсетпеуді және иесі туралы ақпаратты теңшеу-теңшемеуді 
таңдаңыз.
Құлыптау таймері – экранның күту уақыты аяқталғаннан 
экранның автоматты түрде құлыпталуына дейін қалған уақыт 
мөлшерін орнатуға мүмкіндік береді.
Қуат түймесі бірден құлыпталады – Қуат/Құлып түймесі 
басылғанда экранды бірден құлыптау үшін белгілеңіз. Бұл 
параметр қауіпсіздік құлыптау таймерінің параметрінен басым 
болады.
Негізгі экранның сенсорлы түймелері
Егер мөлдір фон пайдалану керек болса, негізгі сенсорлық перне 
тіркесімін және түсін таңдаңыз.
< FONT >
Шрифт түрі
Қажетті шрифт түрін таңдаңыз.
Шрифт өлшемі
Қажетті шрифт өлшемін таңдаңыз.
< БАСҚА ЭКРАН ПАРАМЕТРЛЕРІ >
Жарықтық
Сырғытпа көмегімен экран жарықтығын реттеңіз.
Экранды автоматты бұру
Планшетті бұрған кезде бағдарды автоматты түрде ауыстыру 
үшін белгілеңіз.
Экран жарығының өшу уақыты
Экран автоматты түрде өшкенге дейінгі уақытты орнатыңыз.