Samsung W07 BMF with Digital Inverter Technology, 286 L Manual Do Utilizador
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық _05
• Тоңазытқыштың шнурын міндетті түрде жерге қосыңыз.
- Электр қуатының жойылуының немесе осындай жойылулар нәтижесінде
туындайтын тоқ соғуының алдын алу үшін тоңазытқышты жермен дұрыс
байланыстыру қажет.
• Жерге байланыстыру үшін найзағай түсетін газ құбырларын, телефон желілерін
немесе басқа да инженерлік коммуникацияларды ешқашан пайдаланбаңыз.
- Жерге дұрыс байланыстырмау электр тоғының соғуына алып келуі мүмкін.
• Тоңазытқышты өздігіңізден бөлшектемеңіз және жөндемеңіз.
- Бұл өртке, тоңазытқыштың бұзылуына және/немесе жарақат алуға әкелуі мүмкін.
• Егер тоңазытқыш жұмыс істеп тұрғанда біртүрлі иісті немесе түтінді сезсеңіз, онда желі
шнурының айырын дереу ажыратыңыз және Samsung компаниясының қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Тоңазытқыштың корпусындағы немесе ол орнатылған жиһаздың желдеткіш тесіктерін
жаппаңыз.
• Мұздату үрдісін жеделдету үшін тоңазытқышты дайындаушы ұсынған құралдардан басқа
механикалық құрылғыларды немесе басқа да құралдарды қолданбаңыз.
• Хладагенттің айналу контурын зақымданудан қорғаңыз.
• Тоңазыту/мұздату камерасының ішінде дайындаушы ұсынғаннан басқа ешқандай электр
құралдарын пайдаланбаңыз.
• Балалар немесе жасы ұлғайған адамдар біреудің қарауынсыз немесе тоңазытқышты
пайдалану бойынша нұсқаулықпен таныспас бұрын тоңазытқышты пайдаланбауы керек.
• Балалар немесе жасы ұлғайған адамдар біреудің қарауынсыз немесе тоңазытқышты
пайдалану бойынша нұсқаулықпен таныспас бұрын тоңазытқышты пайдаланбауы керек.
• Зақымданған желі шнурын жақын жердегі Samsung компаниясының қызмет көрсету
орталығына хабарласып, фирманікіне ауыстыру керек.
• Балаларыңызға тоңазытқыштың есігіне асылуға рұқсат бермеңіз. Олар қатерлі жарақат
алуы мүмкін.
• Мұздату камерасының ішкі қабырғаларын немесе осы камерада жатқан азық-түліктерді
су қолыңызбен ұстамаңыз.
- Қолыңыздың терісі оларға жабысып қалуы мүмкін.
• Егер сіз тоңазытқышты ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, желі шнурының
айырын розеткадан ажыратыңыз.
- Электр оқшаулығының нашарлауы өртке әкеліп соғуы мүмкін.
• Тоңазытқышта бөгде заттарды сақтамаңыз.
- Есіктерді ашып жабу кезінде бұл заттар құлап қалуы мүмкін, ол өз кезегінде
жарақаттандыруға және/немесе ол заттардың өздері зақымдануы мүмкін.
қатерлі қауіпті ескерту Белгілері
• Берілген бұйым азық-түліктерді тек үй жағдайында сақтауға арналған.
• Азық-түліктерді өндіруші ұсынған мерзімі бойынша сақтау қажет. Сәйкес нұсқаулыққа
жүгініңіз.
• Тоңазытқыштың есігін ашқанда құлап қалмауы үшін бөтелкелерді тығыз орналастырып
сақтау қажет.
• Мұздату камерасына газдалған немесе көпіршікті сусындарды салмаңыз.
• Тоңазытқышты азық-түліктермен шамадан тыс толтырмаңыз.
- Есігін ашқанда тоңазытқыштағы азық-түліктер құлайтын болса, онда сіз жарақат
алуыңыз мүмкін.
• Мұздату камерасына бөтелкелерді немесе басқа да шыны ыдыстарды қоймаңыз.
- Мұздату кезінде оның ішіндегілер шыныны сындырып, нәтижесінде сіз жарақаттанып
қалуыңыз мүмкін.
• Тоңазытқыштың жанына тұтанғыш газды бүрікпеңіз.
- Ол жарылысқа немесе өртке әкеліп соғуы мүмкін.
• Тоңазытқыштың ішкі немесе сыртқы қабатына су шашпаңыз.
- Бұл жағдай өртке немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.
САҚТАНДЫРУ
Тоңазытқыш қосулы кезде компрессорды ұстамаңыз.
•