Samsung W07 BMF with Digital Inverter Technology, 286 L 用户手册

下载
页码 28
қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық _05
•  Тоңазытқыштың шнурын міндетті түрде жерге қосыңыз.
- Электр қуатының жойылуының немесе осындай жойылулар нәтижесінде 
туындайтын тоқ соғуының алдын алу үшін тоңазытқышты жермен дұрыс 
байланыстыру қажет.
•  Жерге байланыстыру үшін найзағай түсетін газ құбырларын, телефон желілерін 
немесе басқа да инженерлік коммуникацияларды ешқашан пайдаланбаңыз. 
- Жерге дұрыс байланыстырмау электр тоғының соғуына алып келуі мүмкін.
•  Тоңазытқышты өздігіңізден бөлшектемеңіз және жөндемеңіз.
- Бұл өртке, тоңазытқыштың бұзылуына және/немесе жарақат алуға әкелуі мүмкін.
•  Егер тоңазытқыш жұмыс істеп тұрғанда біртүрлі иісті немесе түтінді сезсеңіз, онда желі 
шнурының айырын дереу ажыратыңыз және Samsung компаниясының қызмет көрсету 
орталығына хабарласыңыз.
•  Тоңазытқыштың корпусындағы немесе ол орнатылған жиһаздың желдеткіш тесіктерін 
жаппаңыз.
•  Мұздату үрдісін жеделдету үшін тоңазытқышты дайындаушы ұсынған құралдардан басқа 
механикалық құрылғыларды немесе басқа да құралдарды қолданбаңыз.
•  Хладагенттің айналу контурын зақымданудан қорғаңыз.
•  Тоңазыту/мұздату камерасының ішінде дайындаушы ұсынғаннан басқа ешқандай электр 
құралдарын пайдаланбаңыз.
•  Балалар немесе жасы ұлғайған адамдар біреудің қарауынсыз немесе тоңазытқышты 
пайдалану бойынша нұсқаулықпен таныспас бұрын тоңазытқышты пайдаланбауы керек.
•  Балалар немесе жасы ұлғайған адамдар біреудің қарауынсыз немесе тоңазытқышты 
пайдалану бойынша нұсқаулықпен таныспас бұрын тоңазытқышты пайдаланбауы керек.
•  Зақымданған желі шнурын жақын жердегі Samsung компаниясының қызмет көрсету 
орталығына хабарласып, фирманікіне ауыстыру керек.
•  Балаларыңызға тоңазытқыштың есігіне асылуға рұқсат бермеңіз. Олар қатерлі жарақат 
алуы мүмкін.
•  Мұздату камерасының ішкі қабырғаларын немесе осы камерада жатқан азық-түліктерді 
су қолыңызбен ұстамаңыз. 
- Қолыңыздың терісі оларға жабысып қалуы мүмкін.
•  Егер сіз тоңазытқышты ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, желі шнурының 
айырын розеткадан ажыратыңыз. 
- Электр оқшаулығының нашарлауы өртке әкеліп соғуы мүмкін.
•  Тоңазытқышта бөгде заттарды сақтамаңыз.
- Есіктерді ашып жабу кезінде бұл заттар құлап қалуы мүмкін, ол өз кезегінде 
жарақаттандыруға және/немесе ол заттардың өздері зақымдануы мүмкін.
қатерлі қауіпті ескерту Белгілері
•  Берілген бұйым азық-түліктерді тек үй жағдайында сақтауға арналған.
•  Азық-түліктерді өндіруші ұсынған мерзімі бойынша сақтау қажет. Сәйкес нұсқаулыққа 
жүгініңіз.
•  Тоңазытқыштың есігін ашқанда құлап қалмауы үшін   бөтелкелерді тығыз орналастырып 
сақтау қажет.
•  Мұздату камерасына газдалған немесе көпіршікті сусындарды салмаңыз.
•   Тоңазытқышты азық-түліктермен шамадан тыс толтырмаңыз.
- Есігін ашқанда тоңазытқыштағы азық-түліктер құлайтын болса, онда сіз жарақат 
алуыңыз мүмкін.
•  Мұздату камерасына бөтелкелерді немесе басқа да шыны ыдыстарды қоймаңыз.
- Мұздату кезінде оның ішіндегілер шыныны сындырып, нәтижесінде  сіз жарақаттанып 
қалуыңыз мүмкін.
•  Тоңазытқыштың жанына тұтанғыш газды бүрікпеңіз.
- Ол жарылысқа немесе өртке әкеліп соғуы мүмкін.
•  Тоңазытқыштың ішкі немесе сыртқы қабатына су шашпаңыз.
- Бұл жағдай өртке немесе электр тоғының соғуына әкелуі мүмкін.
САҚТАНДЫРУ
Тоңазытқыш қосулы кезде компрессорды ұстамаңыз.