Инструкции По Безопасности для Brother ADS-2400N

Скачать
Страница из 24
2
Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
Жинақтау жəне жариялау туралы ескертпе
Бұл нұсқаулық жариялау кезінде ең соңғы өнім қауіпсіздігінің мəліметтерін қамтамасыз 
ету үшін жинақталған жəне жарияланған. Бұл нұсқаулықта қамтылған мəліметтер 
ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Ең соңғы нұсқаулықты қарау үшін support.brother.com мекенжайы бойынша Brother 
Solutions Center веб-сайтына өтіңіз 
Құрылғы үшін қауіпсіз орынды таңдау
Құрылғыны үстел сияқты шайқалмайтын жəне дірілдемейтін тегіс əрі орнықты жерге 
қойыңыз. Құрылғыны стандартты жерге тұйықталған электр розеткасына жақын қойыңыз. 
Температурасы 5-35 °C аралығында болатын құрғақ, жақсы желдетілетін орынды 
таңдаңыз. 
АБАЙЛАҢЫЗ
 
Құрылғыны тура күн сəулесінің, қатты ыстықтың, ашық жанған оттың, жеміргіш 
газдардың, ылғалдың немесе шаңның əсеріне ұшыратуға БОЛМАЙДЫ. Шаң 
түсуі мүмкін болғандықтан, құрылғыны кілемнің үстіне ҚОЙМАҢЫЗ. Олай істеу 
ток соғу немесе өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, ол құралды 
зақымдауы жəне/немесе оны бұзуы мүмкін.
 
Құралды радиаторлардың, жылытқыштардың, ауа баптағыштардың, судың, 
химиялық заттардың немесе магниті бар немесе магнитті өрістерді туғызуы 
мүмкін құралдардың жанына ҚОЙМАҢЫЗ. Олай істеу қысқа тұйықталу қаупін 
немесе өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін не болмаса ішіне су өтуі мүмкін (қысқа 
тұйықталу немесе өрт қаупін туғызу үшін жеткілікті болуы мүмкін жылытқышты, 
ауа баптағышты жəне/немесе желдеткішті жабдықты есепке алатын болсақ).