Инструкции По Безопасности для Brother ADS-2400N

Скачать
Страница из 24
3
Өнімнің қауіпсіздік нұсқаулығы
 
Құралды химиялық заттарға немесе химиялық заттар төгілуі мүмкін жерге қоюға 
БОЛМАЙДЫ. Нақты айтқанда, органикалық ерітінділер немесе сұйықтықтар 
корпусты жəне/немесе кабельдерді ерітуі немесе бұзып, өрт немесе ток соғу қаупін 
тудыруы мүмкін. Сондай-ақ, олар өнімді бұзуы немесе оның түсін кетіруі мүмкін.
Құрылғының артқы немесе алдыңғы жағындағы, корпусындағы саңылаулар мен 
тесіктер желдету үшін берілген. Саңылауларды бітеп немесе жауып тастамауы 
үшін өнімді қабырғаға немесе басқа құрылғыға тимейтін орынға қою керек. Өнімнің 
желдеткішін жабу қызып кету жəне/немесе өрт шығу қаупін тудыруы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ
• Құрылғыны əрқашан қатты беткейге қойыңыз, ешқашан төсек, диван, кілем не 
осыған ұқсас жұмсақ беткейлерге қоймаңыз.
• Құрылғыны жиһаз ішіне «кіріктіріп» орнатуға БОЛМАЙДЫ.
ЕСКЕРТУ
Құрылғыны кісі көп жүретін жерге қоймаңыз. Егер құрылғыны кісі көп жүретін жерге қою 
керек болса, ол кенет құлап кетпейтіндей қауіпсіз орынға қойыңыз, себебі ол сізді 
немесе басқаларды жарақаттауы жəне оған елеулі нұқсан келуі мүмкін.
 
Сүрініп кету қаупін болдырмау үшін сымдардың қауіпсіз орналасуын қамтамасыз етіңіз.
 
 
Құрылғының үстелден немесе ол орналасқан тұғырдан шығыңқы тұрмауын 
қамтамасыз етіңіз. Атап айтқанда, аппаратты үстелдің, тұғырдың, т.б. шетіне қойғанда, 
шығыс науасын ашық қалдыруға болмайды. Құрылғыны жайпақ, тегіс əрі жəне 
дірілдемейтін орнықты жерге қойыңыз. Осы сақтық шараларын орындамау 
салдарынан аппарат құлап кетіп, нəтижесінде сізге зақым келуі жəне құрылғыға елеулі 
нұқсан келуі мүмкін.
Құрылғыны орнықсыз немесе еңіс тұрған арбаға, тұғырға, үстелге немесе қисайған/еңіс 
бетке ҚОЙМАҢЫЗ. Құрылғы құлап кетіп, нəтижесінде сізге зақым келуі жəне құрылғыға 
елеулі нұқсан келуі мүмкін.