Справочник Пользователя для Samsung RF9000 Холодильник с трёхконтурной системой охлаждения Triple Cooling, 611 л
Қауіпсіздік туралы ақпарат
Казақ
6
Қауіпсіздік туралы ақпарат
• Құрылғыны орнатқанда ашаға қол оңай жететін етіп орнату керек.
- Бұлай орнатпаған жағдайда, жылыстап шыққан электр тоғы электр немесе өрт қатеріне ұшыратуы
мүмкін.
• Бұл құрылғыны ылғалды, майлы немесе шаңды жерге, күн сәулесі тура түсетін немесе сулы (жаңбыр
тамшылары) жерге орнатпаңыз.
- Электр бөлшектерінің қаптамасына нұқсан келсе, электр қатері пайда болуы немесе өрт шығуы
мүмкін.
• Тоңазытқышқа шаң немесе су кірсе, ашасын суырып алып, Samsung Electronics қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
- Әйтпесе өрт шығу қаупі бар.
• Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе зат қоймаңыз (мысалы, кір, жанып тұрған шамдар, тұтатылған
шылым, ыдыстар, химикаттар, металл заттар т.с.с.).
- Себебі электр қатері, өрт немесе құрылғыға байланысты ақау немесе жарақат алу қаупі пайда
болуы мүмкін.
• Құрылғыны алғаш электр көзіне қосар алдында, барлық қорғауыш пластик таспаларын алу керек.
• Есікті реттеуге арналған серіппелі шығырықпен немесе су түтігінің қапсырмасымен балалар ойнамау
• Есікті реттеуге арналған серіппелі шығырықпен немесе су түтігінің қапсырмасымен балалар ойнамау
үшін, оларды байқау керек.
- Бала есікті реттеуге арналған серіппелі шығырықты немесе су түтігінің қапсырмасын жұтып қойса,
тұншығып, мерт болатын қауіп бар. Серіппелі шығырықтарды және су түтігінің қапсырмаларын
балалардың бойы жетпейтін жерде сақтаңыз.
балалардың бойы жетпейтін жерде сақтаңыз.
• Тоңазытқышты қауіпсіз түрде жерге қосу керек.
- Құрылғының кез келген бөлігін тексеруге немесе жөндеуге кіріспес бұрын, тоңазытқыштың қауіпсіз
түрде жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз. Жылыстап шығатын электр қуаты, электр тогына қатты
соғылуға әкеледі.
соғылуға әкеледі.
• Газ түтіктерін, телефон сымдарын немесе басқа да ықтимал жарқыл тартқыштарды жерге тұйықтау
мақсатында қолданбаңыз.
- Тоңазытқышты міндетті түрде тоңазытқыштан жылыстап шыққан электр тоғына соғылып қалмау
немесе өрт қатерін болдырмау үшін жерге қосу керек.
- Себебі электр қатері, өрт, жарылыс немесе құрылғыға байланысты ақау пайда болуы мүмкін.
• Ашаны розеткаға мықтап сұғыңыз. Зақым келген қуат ашасын, қорек сымын немесе қабырғадағы
босап қалған розетканы пайдаланбаңыз.
- Себебі электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.
• Қорек сымына зақым келсе, дереу өндірушіге немесе оның уәкілетті агенттерінің біріне ауыстырту
керек.
• Тоңазытқыштағы сақтандырғышты білікті техник немесе қызмет көрсету компаниясы ауыстыруға тиіс.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері пайда болуы немесе адам жарақат алуы мүмкін.
Untitled-2 6
2017-02-06 6:01:56