LG LGD618 用户指南

下载
页码 403
12
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау 
1  
Егер батареяның құрамындағы сынап 0,0005%, кадмий 0,002% немесе 
қорғасын 0,004% мөлшерінен артық болса, бұл таңбамен бірге сынап 
(Hg), кадмий (Cd) немесе қорғасынның (Pb) химиялық таңбалары берілуі 
мүмкін.
2  
Барлық батареялар/аккумуляторлар қалалық қоқыстан бөлек, 
мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері белгілеген арнайы 
жинау орындарына өткізілуі тиіс.
3  
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған 
ортаға, жануарларға және адам денсаулығына қауіп төндіретін 
зардаптардың алдын алуға көмектеседі.  
4  
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау туралы толық 
ақпаратты қала әкімшілігінен, қоқыс жинау мекемелерінен немесе өнімді 
сатып алған дүкеннен алуға болады.
Ескі құрылғыны қоқысқа тастау 
1  
Барлық электр және электрондық бұйымдар қалалық қоқыстан бөлек, 
мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері белгілеген арнайы 
жинау орындарына өткізілуі тиіс.
2  
Ескі құралды қоқысқа дұрыс тастау қоршаған орта және адам 
денсаулығына қауіп төндіретін зардаптардың алдын алуға көмектеседі. 
3  
Ескі құралды қоқысқа тастау туралы толық ақпаратты қала әкімшілігінен, 
қоқыс жинау мекемелерінен немесе өнім сатушыларынан алуға болады.  
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес 
қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға 
арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің 
қаптамасын азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым 
салынады. 
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық 
код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының 
белгісімен толықтырылуы мүмкін.