LG LGD618 用户指南

下载
页码 403
70
ThinkFree Viewer
ThinkFree Viewer — пайдаланушыларға әртүрлі кеңсе құжаттарын, соның ішінде 
Word, Excel және PowerPoint файлдарын кез келген жерде, кез келген уақытта, 
мобильді құрылғылармен ыңғайлы көруге мүмкіндік беретін кәсіби мобильді кеңсе 
шешімі.
 >   > 
Қосымшалар қойындысын > ThinkFree Viewer опциясын түртіңіз.
Файлдарды көру
Ұялы телефон пайдаланушылары енді файлдардың кең түрлерін, соның 
ішінде, Microsoft Office құжаттарын және Adobe PDF файлдарын, тікелей ұялы 
құрылғыларында көре алады. Құжаттарды ThinkFree Viewer қолданбасын 
пайдаланып көргенде, нысандар мен орналасу дәл бастапқы құжаттардағыдай 
болып қалады.
Google+
Бұл қолданбаны Google әлеуметтік желі қызметі арқылы адамдармен байланыста 
болу үшін пайдаланыңыз.
 
 >   > 
Қосымшалар қойындысын > Google > Google+ тармағын түртіңіз.
ЕСКЕРТПЕ. Бұл қолданба аймаққа немесе қызмет провайдеріне байланысты қол 
жетімді болмауы мүмкін.
Дауыспен іздеу
Бұл қолданбаны веб-беттерден дауыспен іздеу үшін пайдаланыңыз.
1  
 >   > 
Қосымшалар қойындысын > Google > Дауыспен іздеу опциясын 
түртіңіз.
2  
Экранда 
Speak now жазуы пайда болғанда кілтсөзді немесе фразаны айтыңыз. 
Пайда болған ұсынылған кілтсөздердің біреуін таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Бұл қолданба аймаққа немесе қызмет провайдеріне байланысты қол 
жетімді болмауы мүмкін.
Утилиталар