Zanussi OPZB0110X 用户手册

下载
页码 52
Құрылғыны іске қосу және сөндіру
Тетіктің белгілері,
индикаторлары немесе
шамдарының болуы-болмауы,
құрылғының үлгісіне
байланысты.
• Тұмшапеш қызғанда
индикатор жанады.
• Құрылғы іске қосылғанда шам
жанады.
• Белгіше арқылы тетіктің
тұмшапеш функцияларын
немесе температураны
басқаратыны көрсетіледі.
1. Тұмшапеш функциясын таңдау үшін
тұмшапеш функцияларының тетігін
бұраңыз.
2. Температураны таңдау үшін
температура тетігін бұраңыз.
3. Құрылғыны сөндіру үшін, тұмшапеш
функциялары мен температура
тетіктерін "сөндіру" қалпына қойыңыз.
Тұмшапеш функциялары
Тұмшапеш функциясы
Қолданылуы
Сөндіру қалпы
Құрылғы сөндірулі.
Жеңіл
Шамды пісіру функциясынсыз жарықтандыруға арналған.
Астыңғы қызу
Түбі қытырлақ торттарды пісіруге және тағамды
консервілеуге арналған.
Үстіңгі / Астыңғы
қызу
Тағамды 1 сөреде пісіруге және қуыруға арналған.
Үстіңгі қызу
Нан, торт және кондитер өнімдерін қызартуға арналған.
Піскен тағамдарды аяқтап пісіруге арналған.
Қосымша функциялар
Желдеткіш
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
құрылғының беттерін салқын ұстау үшін
желдеткіш автоматты түрде қосылады.
Құрылғыны сөндірсеңіз, желдеткіш құрылғы
салқындағанша жұмыс істеп тұра береді.
Қауіпсіздік термостаты
Құрылғы дұрыс жұмыс істемесе немесе
бөлшектерінде ақау бар болса, қатты
қызып кету қаупі бар. Бұндай жағдайдың
алдын алу үшін тұмшапеш тоқты кідіртуге
арналған термостатпен жабдықталған.
Температура төмендеген кезде тұмшапеш
қайта автоматты түрде қосылады.
www.zanussi.com
7