Zanussi OPZB0110X 用户手册

下载
页码 52
Ақыл-кеңес
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Кестелердегі температура мен
пісіру уақыттары тек нұсқау
ретінде беріледі. Олар
рецептерге, олардың құрамының
сапасы мен мөлшеріне
байланысты болады.
Жалпылама ақпарат
• Құрылғының сөре қоюға арналған төрт
деңгейі бар. Сөренің деңгейлерін
құрылғының астыңғы жағынан бастап
санаңыз.
• Құрылғының ішіне немесе есігінің шыны
панельдеріне бу тұруы мүмкін. Бұл
қалыпты жағдай. Тағам пісіріп жатқанда
құрылғының есігін ашу қажет болса,
әрқашан артқа шегініңіз. Буды азайту
үшін құрылғыны тағам пісіру алдында 10
минут қыздырыңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын
ылғалды жерлерін тазалаңыз.
• Заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз және тағам пісіріп жатқан
кезде құрылғының ешбір бөлшектерін
алюминий жұқалтырмен жаппаңыз.
Себебі пісіру нәтижесіне әсер етіп,
пештің эмаль қаптамасын бүлдіруі
мүмкін.
Торт пісіру
• Тұмшапештің есігін орнатылған пісіру
уақытының 3/4 мөлшері өткенше
ашпаңыз.
• Егер бір уақытта екі пісіру сөресін
пайдалансаңыз, олардың арасына бір
ашық қатар қалдырыңыз.
Ет пен балық пісіру
• Тұмшапешке мүлдем тазаланбайтын
дақ түспес үшін, өте майлы тағамды
пісіргенде шұңғыл табақты
пайдаланыңыз.
• Етті кесердің алдында сөлі ағып кетпес
үшін шамамен 15 минут қоя тұрыңыз.
• Тағам қуырған кезде тұмшапештің іші
қатты түтіндеп кетпес үшін шұңғыл
табаққа шамалы су құйыңыз. Түтін
жиналып қалмас үшін су таусылған
сайын үстемелеп құйып отырыңыз.
Пісіру уақыттары
Пісіру уақыттары тағамның түріне,
құрамына және мөлшеріне байланысты.
Бастапқыда тағам пісірген кезде пісіру
үрдісін бақылап отырыңыз. Осы құрылғыны
пайдаланған кезде қолданылатын
ыдыстарға, рецептілерге және тағамның
мөлшеріне сай келетін параметрлерді
(қызу параметрі, пісіру уақыты т.с.с.)
анықтап алыңыз.
Пісіру және қуыру кестесі
Торттар
Тағам
Үстіңгі/Астыңғы қызу
Уақыт (мин.)
Түсіндірме
Температура
(°C)
Сөренің
орналасуы
Көпіршітілген
тағам рецептілері
170
2
45 - 60
Тортқа арналған
қалыпта
Ашыған қамыр
170
2
24 - 34
Тортқа арналған
қалыпта
8
www.zanussi.com