Polaris PHB 0523 用户手册

下载
页码 20
Электрлік блендер 
Модель PHB 0523 
POLARIS 
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық 
 
POLARIS  сауда  белгісімен  шығатын  өнімді  таңдағаныңыз  үшін  алғыс  білдіреміз. 
Біздің бұйымдар  сапа,  функционалдық және дизайнға қойылатын жоғары талаптарға сәйкес  
жасалған.  Біздің фирмадан жаңа бұйым алғаныңызға риза болатыныңызға сенімдіміз.  
Құралды  пайдаланбас  бұрын  осы  нұсқаулықпен  мұқият  танысыңыз,  онда  Сіздің 
қауіпсіздігіңізге  қатысты    маңызды  ақпарат  бар,  сондай-ақ,  құралды  дұрыс  пайдалану  мен 
күтуге қатысты кеңестер  берілген. 
Нұсқаулықты    кепілдік  талонымен,  кассалық  чекпен  бірге,  мүмкіндігінше,  картон  
қорапта және орама  материалымен бірге сақтаңыз. 
 
 
 
Мазмұны 
 
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар .......................................................................... 15 
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы  нұсқаулар .............................................. 16 
Пайдалану саласы .............................................................................................................. 16 
Құралдың сипаттамасы ..................................................................................................... 17 
Жинақталуы  ....................................................................................................................... 18 
Жұмысқа дайындау және пайдалану ................................................................................ 18 
Тазарту және күтім ............................................................................................................ 19 
Техникалық  сипаттамасы ................................................................................................. 19 
Сертификаттау туралы ақпарат ........................................................................................ 19 
Кепілдік міндеттеме ........................................................................................................... 20 
 
 
Қауіпсіздік жөніндегі жалпы нұсқаулар 
 
• 
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған.  
• 
Құралды тек мақсаты бойынша ғана пайдаланады.   
• 
Әр  жолы    құралды  қоспас  бұрын    оны  қарап  шығыңыз.  Құралдың  және  желілік 
сымның ақауы болса,  құралды розеткаға қосуға мүлдем болмайды.   
• 
Құралды  балалар  және  мүмкіндігі  шектеулі  жандар  тікелей  қадағалау  және  бақылау 
жүзеге асырылғанда ғана пайдалана алады. 
• 
Назар аударыңыз! Құралды ванна, шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа 
ыдыстардың қасында   пайдалануға болмайды. 
• 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  ток  көзіне  ғана  қосыңыз  (~).  Қоспас  бұрын,  құралдың 
желіде қолданылатын кернеуге арналғанына  көз жеткізіңіз.  
• 
Кез  келген  ақау  бола  тұра  құралды  іске  қосу  Сізді  кепілдікті  қызмет  көрсету  
құқығынан айырады. 
• 
Құралды желіге қоспас бұрын, оның  сөндірулі екендігіне көз жеткізіңіз. 
• 
Құралды  бөлмежайдан  тысқары  жерде  пайдаланбаңыз.  Құралды  ыстықтан,  тікелей 
күн  сәулесінен,  сүйір  бұрыштарға  соғылудан,  ылғалданудан    сақтаңыз  (ешқашан 
құралды суға батырмаңыз). Құралды дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз. Құрал суланған 
жағдайда бірден желіден ажыратыңыз.   
15