Polaris PHB 0523 用户手册

下载
页码 20
• 
Құрал  суға  түсіп  кеткен  жағдайда  оны  бірден  желіден  ажыратыңыз.  Осы  кезде 
қолыңызды  суға  салмаңыз.  Қайта  қолданар  алдында  құралды  білікті  маман  тексеруі 
керек. 
• 
Пайдаланып  болған  соң,  қондырмаларды    орнату  немесе  алу  кезінде,  құралды  
тазалағанда немесе сынған кезде оны үнемі желіден ажыратыңыз. 
• 
Құралды  қараусыз  қалдырмаңыз.  Құралды  балалардың  қолы  жетпейтін  жерде 
сақтаңыз. 
• 
Құралды желілік сымынан ұстап тасымалдауға болмайды.  Сондай-ақ, желілік сымнан 
ұстап  құралды    желіден  ажыратуға  тыйым  салынады.  Құралды  желіден  ажырату 
кезінде штепсель ашадан ұстаңыз. 
• 
Пайдаланып  болғаннан  кейін,    электрмен  қоректендіру  сымын  құралды  айналдыра 
орауға  болмайды,  себебі,    уақыт  өте  келе  бұл  сымның    үзілуіне  әкеп  соғуы  мүмкін.  
Қашанда сақтау үшін сымды  жақсылап тарқатыңыз. 
• 
Сымды тек қана білікті  мамандар – қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана 
ауыстыра  алады.  Біліктілілігі  жоқ  тұлға  тарапынан  жасалған  жөндеу  қолданушыны  
қауiп-қатерге ұшыратуы  мүмкін. 
• 
Құралды  өз  бетіңізбен  жөндеуге  болмайды.  Жөндеуді  қызмет  көрсету  орталығының  
білікті мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
• 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
• 
Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін  құрылғыны басқа да тұрмыстық қалдықтармен 
бірге тастамай, жоятын ресми орынға өткізіңіз. 
• 
Сөйтіп, Сіз қоршаған ортаны сақтауға көмектесесіз. 
 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі  жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
• 
Құралды жұмыс кезінде қараусыз қалдырмаңыз. 
• 
Керек-жарақтарын немесе қондырмаларды ауыстырар алдында құралды сөндіріңіз. 
• 
Қондырмалардың  барлығы,  блендердің  білігі  мен  ішкі  бөлшектерінің  мұқият 
жуылып, кептірілгенін қадағалаңыз. 
• 
Жарақат  алмас  үшін,  саусақтарды,  шашыңызды,  киімді  блендердің  қозғалатын 
бөлшектерінен қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз. 
• 
Балалар  мен  мүмкіндігі  шектеулі  жандардың    бақылаусыз  құралды  пайдалануына 
рұқсат етпеңіз. 
• 
Ақауы бар құралды немесе қондырманы ешқашан пайдаланбаңыз.  
• 
Блендер қондырмаларының пышақтарын тазалаған кезде абай болыңыз.  
• 
Пышақтар  толығымен  тоқтағанша  құралдың  қондырмасын  азық  түлік  салынған 
ыдыстан алмаңыз.  
• 
Бұл құрал ұзақ уақыттай жұмыс істеуге арналмаған, сондықтан, жұмыстың әрбір 30 
сек. кейін  5 минутқа үзіліс жасаңыз. 
 
Пайдалану саласы 
 
Құрал  осы  Нұсқаулыққа  сәйкес,  тек  қана    тұрмыста  қолдануға    арналған.  Құралды 
өнеркәсіптік мақсатта  пайдалануға болмайды.  
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайдың 
нәтижесінде туындаған  залал үшін жауапты емес. 
 
 
16