Samsung CTR 264 KC 01/BWT 用户手册

下载
页码 96
Казақ - 20
АВТОМАТТЫ СӨНДІРУ
Егер пісіру алаңдарының бірі іске қосылмаса немесе көп уақыт өткеннен кейін 
қызу параметрі реттелмесе, сол пісіру алаңы автоматты түрде сөніп қалады. 
Кез келген қалдық қызу, тиісті пісіру алаңына тиесілі сандық бейнебетте  
 (“ыстық”) белгішесі арқылы көрсетіледі.
Пісіру алаңы келесі уақыттарда өздігінен сөніп қалады.
Қызу параметрі 
Сөндіру
1-3
6 сағаттан кейін 
4-6
5 сағаттан кейін 
7-9
3 сағаттан кейін 
10-15
1 сағаттан кейін 
Пештің үсті теріс іске қосуға байланысты қатты қызып кетсе, бейнебетте  
   көрсетіледі. Пештің үсті сөнеді.
Пісіру алаңдарының бірі немесе бірнешеуі, көрсетілген уақыттан бұрын 
сөніп қалса, “Ақаулықты түзету” тарауын қараңыз.
Пісіру алаңдарының басқа да автоматты түрде 
сөніп қалу себептері 
Егер сұйық тасып, басқару панеліне төгілсе, пісіру алаңдарының барлығы 
автоматты түрде сөніп қалады.
Егер дымқыл шүберекті басқару панеліне қойсаңыз да, автоматты түрде 
сөндіру функциясы іске қосылады. Осы екі жағдайдың екеуінде де, 
төгілген сұйықты сүртіп, дымқыл шүберекті алғаннан кейін, құрылғыны  
On/Off control   сенсор түймешігін қолданып қайта іске қосу керек.
ҚАЛДЫҚ ҚЫЗУ ИНДИКАТОРЫ
Жеке пісіру алаңы немесе пештің үсті сөндірілгеннен кейін, қалдық қызудың 
бар-жоғы, тиісті пісіру алаңының сандық бейнебетінде   (“ыстық”) арқылы 
көрсетіледі. Тіптен пісіру алаңын сөндіргеннен кейін, қалдық қызу индикаторы, 
тек пісіру алаңы суығаннан кейін ғана сөнеді.
Қалдық қызуды тағамды жібіту немесе жылы ұстау үшін қолдануыңызға болады. 
Қалдық қызу индикаторы жанып тұрса, күйіп қалу қаупі бар деген сөз. 
Егер тоқ өшіп қалса,   белгішесі көрінбей кетеді де, қалдық қызу туралы 
ақпарат көрсетілмейді. Дегенмен, әлі де күйіп қалу қаупі бар болуы мүмкін. Пеш 
үстіне жақын тұрғанда әрқашан абай болсаңыз, бұндай жағдай орын алмайды. 
ТЕМПЕРАТУРАНЫ АНЫҚТАУ 
Егер қандай да бір себепке байланысты пісіру алаңдарының бірінің температурасы 
қауіпсіз температура деңгейінен асайын деп тұрса, немесе асып кетсе, онда пісіру 
алаңы температураны автоматты түрде төмен қуат мәніне дейін азайтады.
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
CTR264KC01_BWT_DG68-00383A-05_KK.indd   20
2014-07-11     10:28:06