Samsung CTR 264 KC 01/BWT 用户手册

下载
页码 96
Казақ - 21
іске қосар алдында
ЕҢ АЛҒАШ РЕТ ТАЗАЛАУ 
Пештің керамика бетін, дымқыл шүберек пен керамика пісіру беттерін тазалағыш құралмен сүртіңіз. 
Жеміргіш немесе түрпілі тазалағыш заттарды қолданбаңыз. Пештің бетіне нұқсан келуі мүмкін. 
пештің үстін қолдану
ЖАРАМДЫ ЫДЫС-АЯҚ
Ыдыс жақсы болса, пісіру нәтижесі де жақсы болады. 
•  Жақсы ыдысты табанына қарап ажыратуға болады. Ыдыстың табаны барынша қалың, әрі 
барынша тегіс болуы керек. 
•  Жаңа ыдыс сатып аларда, олардың табанының диаметріне ерекше назар аударыңыз. Әдетте 
өндіруші тек ыдыстың ернеуінің диаметрін ғана көрсетеді. 
•  Алюминий немесе мыс табаны бар ыдыстар, пештің керамика бетіне металл дағын қалдырады. 
Бұндай дақты тазалау қиын болуы немесе мүлдем тазаланбауы мүмкін. 
•  Табанына нұқсан келген немесе табанының жиектері кедір-бұдыр ыдыстарды қолданбаңыз. 
Бұндай ыдыстарды пеш үстіне қойып сырғытса, оған кетпейтін сызат түсуі мүмкін. 
•  Әдетте, суық ыдыстардың табаны сәл ішке кіріп (ойыс) тұруы мүмкін. Оларды ешқашан сыртқа 
(дөңес) шығармау керек.
•  Егер арнайы ыдыс түрін қолданғыңыз келсе, мысалы бу кәстрөлін, баяу қайнататын ыдысты 
немесе түбі шығыңқы қазанды қолдансаңыз, өндіруші нұсқауларын орындаңыз.
Қуатты үнемдеу туралы кеңес 
Төмендегі нұсқауларды орындау арқылы 
қуатты үнемдей аласыз. 
•  Пісіру алаңдарын әрқашан кәстрөлдер мен 
табаны қойғаннан кейін іске қосыңыз. 
•  Қоқыс тұрып қалған пісіру алаңдары мен 
ыдыстың табаны, көп қуат шығыңдайды. 
•  Мүмкін болса, кәстрөлдер мен ыдыстардың 
қақпақтарын нығыздап жабыңыз. 
•  Тағамды қалдық қызу көмегімен жылы ұстау 
немесе жібіту үшін, пісіру алаңдарын пісіру 
уақыты аяқталардан бұрын сөндіріңіз. 
•  Ыдыстың табанының өлшемі, пісіру 
алаңының өлшемімен бірдей болуы керек. 
•  Бу кәстрөлін қолданғанда, пісіру уақыты 50% 
дейін азаяды.
ЕСКЕРТУ 
Дұрыс!
Теріс!
06  ІСКЕ ҚОС
АР А
ЛДЫНДА
CTR264KC01_BWT_DG68-00383A-05_KK.indd   21
2014-07-11     10:28:06