Philips AVENT DECT Baby Monitor SCD560/01 SCD560/01 User Manual

Product codes
SCD560/01
Page of 128
49
Кіріспе
Өнімді www.philips.com/welcome торабында тіркеп, толық пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз.
шолу (Cурет 1)
1  Сигнал күшінің көрсеткіші
2  Eco Max көрсеткіші
3  Дыбыс өшірілген белгісі
4  Батарея күйінің көрсеткіші
5  Жылжыту көрсеткісі
6  Микрофон сезімталдығы көрсеткіші
7  Бесік жыры белгісі
8  Түнгі жарық белгісі
9  Таймер белгісі
10  Температура белгісі
Пайдалануға дайындау
МаҢЫзДЫ: нәресте мониторын қолданар алдында қауіпсіздік 
нұсқауларын мұқият оқып шығып, болашақта қарау үшін сақтап қойыңыз.
Нәресте бөлігі
Нәресте модулін электр розеткасына жалғап қолданыңыз. Электр қуаты үзілген жағдайда 
қуаттың автоматты түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін төрт 1,5 В AAA сілтілі батареяны 
салуға болады (жинақпен берілмейді).
Қайта зарядталатын батареяларды пайдаланбаңыз. Нәресте модулінде зарядтау функциясы жоқ 
және қайта зарядталатын батареялар пайдаланылмаған кезде зарядын баяу жоғалтады.
ата-аналар бөлігі
Ата-аналар бөлігі нәресте мониторымен берілген екі зарядталатын батареямен іске қосылады. 
Ата-аналар бөлігін бірінші рет пайдаланбастан бұрын және олар таусылғанда зарядтаңыз.
ата-аналар бөлігін 18 сағаттық сымсыз жұмыс уақытына қол жеткізу үшін 
толық 10 сағатқа зарядтауыңыз керектігін ескеріңіз
Ескертпе: Нәресте мониторын пайдалануды бастаған кезде, зарядталатын 
батареялар толық сыйымдылығына жетпестен бұрын, онда төрт зарядтау және разрядтау 
циклі болады.
Нәресте мониторын пайдалану
Нәресте мониторын орнықтыру
Нәрестеге арналған бөлікті баланың қолы жетпейтін жерге қойыңыз. Нәресте бөлігін бөпе 
төсегіне немесе манежге қоюға және орнатуға болмайды.
 
- Нәресте бөлігінің сымы буынып қалу қаупін тудыратындықтан нәресте бөлігі мен сымын 
нәрестеден кемінде 1 метр/3,5 фут қашықтықта ұстаңыз.
 
- Бір немесе екі бөліктен де жағымсыз ащы дауыс шығармас үшін ата-аналар бөлігі нәресте 
бөлігінен кемінде 1 метр/3,5 фут қашықтықта ұстаңыз.
ата-аналар бөлігі мен нәресте бөлігін байланыстыру
 1 
 Қуат жарығы жанғанша, нәресте бөлігіндегі 3 түймесін екі секунд басып тұрыңыз. 
 2 
 Дисплей жанғанша, ата-аналар бөлігіндегі 3 түймесін екі секунд басып тұрыңыз. 
 
, Ата-аналар бөлігіндегі «link» жарығы қызыл болып жыпылықтайды да, дисплейде 
«LINKING» (Байланыстыру орындалуда) хабары көрінеді. 
ҚазаҚша