Philips AVENT DECT Baby Monitor SCD560/01 SCD560/01 User Manual

Product codes
SCD560/01
Page of 128
 
, Ата-аналар бөлігі мен нәресте бөлігі байланысқанда, «link» жарығы тұрақты жасыл болып 
жанады. Дисплейде сигнал күшінің көрсеткіші мен «LINKED» (байланысқан) хабары 
көрінеді. 
 
, Байланыс орнатылмаса, «NOT LINKED» (Байланыспаған) хабары көрсетіледі де, ата-
аналар бөлігі дыбыс шығара бастайды.
Байланыс орнатылмаса, орындалатын әрекет
 
- Ата-аналар бөлігі жұмыс ауқымынан тыс болса, нәресте бөлігіне жақынырақ 
орналастырыңыз.
 
- Нәресте немесе ата-аналар бөлігін басқа DECT құралының (мысалы, сымсыз телефон) 
жанына қойсаңыз, құралды сөндіріңіз де, бөлікті құралдан әрірек апарып қойыңыз. 
 
- Нәресте бөлігі ажыратылған болса, оны қосыңыз.
Жұмыс жасау аймағы
 
- Сыртта жұмыс ауқымы 330 метр/1000 фут болса, үйдің ішінде 50 метр/150 фут болады.
 
- Нәресте мониторының жұмыс ауқымы қоршаған орта мен кедергі келтіретін факторларға 
байланысты. Сулы немесе дымқыл материалдар жұмыс ауқымын 100%-ға дейін жоғалтатын 
кедергілерді тудыруы мүмкін. Құрғақ материалдар тудыратын кедергілерді төмендегі 
кестеден қараңыз.
Құрғақ материалдар
Материалдар қалыңдығы Байланысты жоғалту
Ағаш, гипс, картон, әйнек (металы жоқ, 
сым немесе қорғасын)
< 30 см (12 дюйм)
0-10%
Кірпіш, желімделген фанер
< 30 см (12 дюйм)
5-35%
Темірбетон
< 30 см (12 дюйм)
30-100%
Металл торлар мен кесектер
< 1 см (0,4 дюйм)
90-100%
Металл немесе алюминий беттері
< 1 см (0,4 дюйм)
100%
Нәресте бөлігіндегі функциялар мен кері байланыс
Түнгі жарық
Түнгі жарық нәрестеге қолайлы болатын жұмсақ жарықты шығарады.
 1 
 Түнгі жарықты қосу үшін нәресте бөлігіндегі түнгі жарық түймесін Q басыңыз. 
 2 
 Түнгі жарықты сөндіру үшін түнгі жарық түймесін Q қайта басыңыз. 
Бесік жыры функциясы
 1 
 Таңдалған бесік жырын ойнату үшін нәресте бөлігіндегі K түймесін басыңыз.  (Cурет 2)
 
, Таңдалған бесік жыры 15 минут қайталанады.
 2 
   түймесін басып, тізімнен басқа бесік жырын таңдаңыз.  (Cурет 3)
 3 
 Бесік жырының дыбыс деңгейін реттеу үшін нәресте бөлігіндегі «Дыбыс +» немесе 
«Дыбыс -» түймесін басыңыз (Cурет 4).
Ескертпе: Нәресте бөлігінде үндеткіштің дыбыс деңгейін тек бесік жыры ойнап жатқанда 
орната аласыз. Бесік жыры үшін дыбыс деңгейін жоғары етіп орнатсаңыз, дыбыс ата-аналар 
бөлігінде сөйлеу функциясын пайдаланған кезде де қатты болады.
 4 
 Бесік жырын тоқтату үшін нәресте бөлігіндегі K түймесін басыңыз. 
ҚазаҚша
50