Philips AVENT DECT Baby Monitor SCD560/01 SCD560/01 User Manual

Product codes
SCD560/01
Page of 128
ата аналар бөлігіне пейджинг жіберу
Ата-аналар бөлігін жоғалтып алсаңыз, ата-аналар бөлігін табу үшін нәресте бөлігіндегі FIND 
(ТАБУ) түймесін басыңыз. Бұл функция тек ата-аналар бөлігі қосылып тұрғанда жұмыс істейді.
 1 
 Нәресте бөлігіндегі FIND (ТАБУ) түймесін басыңыз, ата-аналар бөлігі пейджер дыбысын 
шығарады (Cурет 5).
 2 
 Пейджинг дыбысын тоқтату үшін, FIND (ТАБУ) түймесін қайта басыңыз немесе 
ата-аналар бөлігіндегі кез келген түймені басыңыз. Пейджинг дыбысы автоматты түрде  
2 минуттан кейін тоқтайды.
Батарея күйінің жарығы
 1 
 Нәресте бөлігі батареямен іске қосылғанда және батареяда жеткілікті заряд болғанда 
батарея күйінің жарығы тұрақты жасыл болып жанады.
 2 
 Батареямен жұмыс істеп тұрған нәресте бөлігінде заряд азая бастаса батарея күйінің 
жарығы жылдам қызыл болып жыпылықтайды.
 
- Заряды азайғанда батареяларды ауыстырыңыз.
ата-аналар бөлігіндегі функциялар мен кері байланыс
Дыбыс қарқыны
Мәзір белсенді болмаса, дыбыс деңгейін орнатуға болады. Жеті дыбыс деңгейі және «дыбысы 
сөндірілген» параметрі бар.
Дыбыс деңгейін орнату
 1 
 + түймесін немесе - түймесін бір рет басыңыз.
 
, Дисплейде ағымдағы дыбыс деңгейі көрсетіледі.
 2 
 Дыбыс деңгейін көтеру үшін + түймесін, ал төмендету үшін - түймесін басыңыз.
 
, 2 секундтан артық уақытта ешбір түйме басылмаса, дыбыс деңгейінің көрсеткіші 
жоғалып, дыбыс деңгейінің параметрі сақталады.
Дыбысты өшіру
Төменгі дыбыс деңгейі параметрінің астында «дыбысы сөндірілген» параметрі бар.
 1 
 + түймесін немесе - түймесін бір рет басыңыз.
 
, Дисплейде ағымдағы дыбыс деңгейі көрсетіледі.
 2 
 Дыбысты өшіру үшін 2 секундтан артық уақыт бойы - түймесін басып тұрыңыз.
 
, Дисплейде «MUTE» (Дыбыссыз) хабары және дыбыс өшірілген белгісі көрінеді (Cурет 6).
Ескертпе: Дыбыс өшірілсе, баланың дыбыс шығарып жатқанын тек дыбыс деңгейінің жарығы 
көрсетеді.
Сөйлесу қызметі
 1 
 Нәрестеңізге қолайлы болу үшін ата-аналар бөлігіндегі TALK (Сөйлеу) түймесін басып, 
алдындағы микрофонға 15-30 см (0,5-1 фут) арақашықтықта тұрып анық 
сөйлеңіз (Cурет 7).
Ескертпе: Нәресте бөлігінде бесік жыры үшін дыбыс деңгейін жоғары етіп орнатсаңыз, дыбыс 
ата-аналар бөлігінде сөйлеу функциясын пайдаланған кезде де қатты болады.
 
, «Link» (Байланыс) жарығы жасыл болып жыпылықтайды да, дисплейде «TALK» (Сөйлеу) 
хабары көрінеді. 
 2 
 Сөйлесіп болғаннан кейін, TALK (Сөйлеу) түймесін босатыңыз.
ҚазаҚша
51