Philips HP 6570/00 SatinPerfect Benutzerhandbuch

Seite von 76
 4 
Теріңізді бос қолыңызбен созыңыз. Қолтық астын қырған кезде, теріңізді созу үшін
қолыңызды көтеріңіз.
 5 
Қосу/өшіру түймесін эпилятор жүргізілетін бағытта орнатып, қыру, тегістеу және үлгілеу
қосымшасын теріге тік (90°) орнатыңыз.
 6 
Құралды түктің өсуіне қарсы баяу жүргізіңіз.
Ескертпе: Тегістейтін қыру құралының терімен толық жанасуын қадағалаңыз.
 - Бикини тұсын суретте көрсетілгендей етіп қырыңыз (Cурет 12).
 - Қолтық астын суретте көрсетілгендей қырыңыз. Құралды әртүрлі бағыттарға 
жылжытыңыз. (Cурет 13)
 7 
Қырынып болғаннан кейін құралды өшіріп, қыру, тегістеу және үлгілеу қосымшасын
тазалаңыз («Тазалау және күтім» бөлімін қараңыз).
 8 
Құралды сақтаған кезде тегістеу тарағын қыру, тегістеу және үлгілеу
қосымшасына орнатыңыз.
Тегістеу тарағын пайдалану (тек HP6572)
Бикини тұсындағы түктерді 3 мм ұзындыққа тегістеу үшін тегістеу тарағын кигізіп, қыру, 
тегістеу және үлгілеу қосымшасын пайдаланыңыз.
 Қолтық немесе бикини тұсындағы ұзын түктерді (10 мм артық) алдын ала тегістеу үшін 
қырыну тарағын пайдалануға болады.
 1 
Босату түймесін басып, (1) эпилятордың басын шешіңіз (2) (Cурет 10).
 2 
Қыру, тегістеу және үлгілеу қосымшасын құралға орнатып, орнына келгенше («сырт»
еткен дыбыс естіледі) басыңыз.
 3 
Тегістеу тарағын қыру, тегістеу және үлгілеу қосымшасына орнатыңыз (Cурет 14).
 4 
«Қолтық астын және бикини желісін қыру» бөлімінің 3 пен 6 аралығындағы қадамдарды
орындаңыз.
Ескертпе: Түктердің жақсы тегістелуі үшін тегістеу тарағының терімен толық жанасуын 
қадағалаңыз.
 5 
Түкті қырғаннан кейін құралды өшіріп, қыру, тегістеу және үлгілеу қосымшасын
тазалаңыз («Тазалау және күтім» бөлімін қараңыз).
 6 
Құралды сақтаған кезде тегістеу тарағы қыру, тегістеу және үлгілеу
қосымшасында болуы тиіс.
Қатты қызып кетуден қорғайды
Эпилятордың қызып кетуден сақтайтын функциясы бар. Ол құралды қызып кетуден сақтайды.
Ескертпе: Эпилятордың ысуына жол бермеу үшін құралды денеге қатты басуға болмайды. 
Теріге қатты баспай, жұмсақ жүргізілгенде эпилятор өте жақсы нәтиже береді.
 1 
Қатты қызып кетуден қорғау функциясы қосылған жағдайда, құрал автоматты түрде
өшіп, жылдамдық параметрінің көрсеткіштері мен заряд шамы қызыл болып жанады.
 2 
Құралды суытып қойыңыз.
 
, Шамдар 30 секундтан кейін жыпылықтатуды тоқтатады.
 3 
Суығанда құралды қайта қосуға болады. Құрал толық суымаса, шамдар қайтадан қызыл
болып жыпылықтайды.
ҚазаҚша
10