Philips HP 6570/00 SatinPerfect Benutzerhandbuch

Seite von 76
шамадан тыс жүктеуден қорғайтын функция
Эпилятор ұшын денеге қатты басқанда немесе эпилятор ұшындағы айналмалы дискілер 
кептелгенде (мысалы, киім тұрып қалғанда), құрал тоқтап, жылдамдық параметрінің көрсеткіші 
5 секунд бойы қызыл болып жыпылықтайды.
 1 
Эпилятор ұшындағы айналмалы дискілерді саусақпен айналдырып, олардың кептеліп
қалмағанын тексеріңіз. Тұрып қалған затты шығарыңыз.
 2 
Құралды қайта қосыңыз.
Құралды денеге қатты басуға болмайды.
Тазалау және күтіп ұстау 
Ескертпе: Эпиляторды тазалауды бастамас бұрын, оның сөніп тұрғандығын және тоқтан 
ажыратылғандығын тексеріңіз. 
Қырғыш жөке, қырғыш тазалағыш құралдарды немесе жанармай немесе ацетон тәріздес
сұйықтықтарды құралды тазалау үшін қолдануға болмайды.
 - Жақсы жұмыс атқаруы үшін, құралдарды әр пайдаланған сайын тазалап отыру қажет.
 - Құралды немесе адаптерді ағын су астында шаймаңыз (Cурет 15).
 - Құралды және адаптерді құрғақ күйінде сақтаңыз (Cурет 16).
Қосымша бөлшектерді тазалау.
 1 
Эпилятор ұшынан қосымшаны шешіңіз (Cурет 5).
 2 
Құралда қалып қойған түктерді щеткамен тазалаңыз (Cурет 17).
 3 
Қосымшаларды айналдыра отырып, жылы сумен шайыңыз (Cурет 18).
 4 
Қосымша бөлшектерді қолданар алдында немесе сақтап қояр алдында кептіріп алыңыз.
Эпилятор басын тазалау
 1 
Босату түймесін басып, (1) эпилятордың басын шешіңіз (2) (Cурет 10).
 2 
Бос жатқан түктерді тазалағыш қылшақпен сілкіп тастаңыз (Cурет 19).
 3 
Дискілерді саусақпен айналдыра отырып, эпилятор басын ағын сумен 5-10 секунд
шайыңыз (Cурет 20).
Ескертпе: Ешқашан эпиляция жасайтын дискілерді эпиляция жасайтын бастан алып тастауға 
тырыспаңыз.
 4 
Эпиляция жасайтын құрал басын қатты сілкіңіз (Cурет 21).
 5 
Эпиляция жасайтын құрал басын сүлгімен мұқият құрғатыңыз.
Ескертпе: Эпиляция жасау басын құралға қайта салардан бұрын оның толық құрғағанын 
тексеріңіз. 
 6 
Қайта бекіту үшін эпилятор басын құралға орнатып, орнына келгенше («сырт» еткен
дыбыс естіледі) басыңыз (Cурет 22).
Қыру, тегістеу және үлгілеу қосымшасы мен тегістеу тарағын тазалау (тек 
HP6572)
 1 
Орнатылған болса, тегістеу тарағын қыру, тегістеу және үлгілеу қосымшасынан
шешіңіз (Cурет 23).
ҚазаҚша
11