Philips HP 6570/00 SatinPerfect Benutzerhandbuch

Seite von 76
Эпилятормен аяқтағы түктерді жұлу
 - Эпиляторды бұрын пайдаланған жағдайда, эпиляция басын негізгі эпиляция ұшымен 
пайдалануға болады.
 - Эпиляцияға бейімделмеген жағдайда, ыңғайлы ұшты пайдалану жөн болады. Бұл ұш 
эпилятордың теріге толық тиюін қамтамасыз етеді, ал айналатын басы теріні тартып, 
түктерді жұлуға дайындайды.
 - Түктер теріде жабысып қалған болса, массаж жасайтын белсенді түк жұлғыш құралды 
пайдалануды ұсынамыз. Ол түктерді көтеріп қана қоймай, сонымен қатар терінің 
эпиляцияға сезімталдығын да төмендетеді.
Ескертпе: Ыңғайлы ұшты немесе массаж жасайтын белсенді түк көтергіш құралын 
орнатпастан бұрын, негізгі эпиляция ұшын шешіңіз.
 1 
Негізгі эпиляция ұшының екі жағын қысып (1), тартыңыз да, құралдан шешіңіз
(2) (Cурет 5).
 2 
Эпилятор басына қажетті қосымшаны орнатыңыз (Cурет 6).
Ескертпе: Бөлшектерді құрылғыға орнатудың іс реті барлық бөлшектерге бірдей.
 3 
Эпиляторды қосу үшін оның қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.
 
, Эпилятор «II» жылдамдық күйінде жұмыс істей бастайды. Бұл эпиляция жасауға ең
қолайлы жылдамдық күйі. Төмендегі жылдамдық параметрінің көрсеткіші жанып, «II»
күйін көрсетеді (Cурет 7).
 
, «I» жылдамдық күйін пайдалану үшін қосу/өшіру түймесін екінші рет басыңыз. Жоғарғы
жақтағы жылдамдық параметрінің көрсеткіші жанып, «I» күйін көрсетеді (Cурет 8).
Кеңес: «I» жылдамдық күйі түгі аз, жетуі қиын және тізе мен тобық сияқты, тері астында 
сүйек болған жерлерге арналған.
 
, Қосу/өшіру түймесін үшінші рет басқанда эпилятор өшеді.
 4 
Түктерді тігінен тұрғызу үшін бос қолыңызбен теріңізде тартыңыз.
 5 
Қосу/өшіру түймесін эпилятор жүргізілетін бағытта орнатып, эпилятор басын теріге тік
(90°) орнатыңыз (Cурет 9).
 6 
Құралды түктің өсуіне қарсы баяу жүргізіңіз.
 - Ыңғайлы ұшты пайдаланғанда тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін теріні дайындау құралының 
екі доңғалақшаның терімен дұрыс жанасуын қадағалаңыз.
 - Массаж жасайтын белсенді түк жұлғыш құралды пайдаланғанда, массаж доңғалақшасының 
және түк жұлғыш құралдың терімен толық жанасуын қадағалаңыз. Массаж доңғалақшасы 
түктердің оңай жұлынуы үшін теріні жұмсартып, босаңсытады.
Қолтық астындағы және бикини тұсындағы түктерді қыру (тек HP6572)
Қолтық немесе бикини тұсы сияқты сезімтал жерлерді қыру үшін қыру, тегістеу және үлгілеу 
қосымшасын пайдаланыңыз. 
 1 
Босату түймесін басып, (1) эпилятордың басын шешіңіз (2) (Cурет 10).
Ескертпе: Қыру, тегістеу және үлгілеу қосымшасы ұқсас жолмен шешіледі.
 2 
Қыру, тегістеу және үлгілеу қосымшасын құралға орнатып, орнына келгенше («сырт»
еткен дыбыс естіледі) басыңыз. (Cурет 11)
 3 
Құралды қосыңыз.
Ескертпе: Қыру, тегістеу және үлгілеу қосымшасын пайдаланып қырынғанда, 2-жылдамдықты 
пайдаланыңыз.
ҚазаҚша
9