Philips 22PFH4109/88 User Manual

Page of 74
16
Қауіпсіздік және
қызмет көрсету
16.1
Қауіпсіздік
Маңызды
Қауіпсіздік нұсқауларының барлығын теледидарды
пайдаланбас бұрын оқып, түсініп алыңыз. Нұсқауларды
қадағаламау нәтижесінде зақым пайда болса, кепілдік күшін
жояды.
Теледидарды құлап кетуден қорғау
Теледидарды құлап кетуден қорғау үшін әрқашан берілген
қабырға кронштейнін пайдаланыңыз. Теледидарды еденге
қойсаңыз да, кронштейнді орнатып, теледидарды
кронштейнге бекітіңіз.
Орнату туралы нұсқауларды теледидармен бірге берілген
жұмысты бастаудың қысқаша нұсқаулығынан табуға болады.
Бұл нұсқаулықты жоғалтып алған жағдайда 
Жүктеп алынатын Жұмысты бастаудың қысқаша нұсқаулығын
теледидардың өнім түрінің саны арқылы іздеңіз.
Ток соғу немесе өрт шығу қаупі бар
- Ешқашан теледидарға жаңбырға немесе суға тигізбеңіз.
Ешқашан теледидар жанына вазалар сияқты сұйықтық
құйылған ыдыстар қоймаңыз.
Егер сұйықтық теледидардың үстіне немесе ішіне төгілсе,
теледидарды бірден ток көзінен ажыратыңыз.
Теледидарды пайдаланбас бұрын оны тексеріп алу үшін
Philips тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
- Теледидарды, қашықтан басқару құралын немесе
батареяларды қатты ыстыққа тастамаңыз. Оны ешқашан
жанған шырақтарға, ашық жалынға немесе күн сәулесін қоса
ыстық көздерге қоймаңыз.
- Теледидардың желдету тесіктеріне немесе басқа ашық
жерлеріне заттар салмаңыз.
- Қуат сымының үстіне ауыр зат қоймаңыз.
- Қуат ашаларына күш түсірмеңіз. Бос қуат ашалары электр
тежелуіне немесе өртке себеп болуы мүмкін. Теледидар
экранын айналдырғанда, қуат сымының керілмейтіндігін
қамтамасыз етіңіз.
- Теледидарды қуат көзінен ажырату үшін теледидардың
ашасын ажыратыңыз. Қуаттан ажырату кезінде ашаны ұстап
тартыңыз, ешқашан кабелінен тартпаңыз. Ашаға, қуат
кабеліне және розеткаға әрдайым қолыңыз жететініне көз
жеткізіңіз.
Жарақат алу немесе теледидарды
зақымдау қаупі бар
- 25 кг-нан (55 фунттан) ауыр теледидарды екі адам көтеріп,
тасымалдауы керек.
- Егер теледидарды тұрғыға орнатсаңыз, тек жинақтағы
тұрғыны пайдаланыңыз. Тұрғыны теледидарға берік етіп
бекітіңіз.
Теледидарды салмағын көтере алатын жазық, тегіс бетке
қойыңыз.
- Қабырғаға орнатқанда қабырға бекітпесі теледидардың
салмағын қауіпсіз көтере алатынына көз жеткізіңіз. TP Vision
компаниясы қабырғаға дұрыс орнатпау салдарынан болған
жазатайым оқиғалар, жарақаттар немесе зақымдар үшін
жауап бермейді.
- Бұл өнімнің бөліктері шыныдан жасалған болуы мүмкін.
Жарақат немесе зақым жағдайларын болдырмау үшін
абайлап ұстаңыз.
Теледидарды зақымдау қаупі бар!
 
 
Теледидарды қуат көзіне жалғамас бұрын, қуат кернеуінің
теледидардың артына басылған мәнге сәйкес келетіндігін
тексеріңіз. Кернеу басқаша болған жағдайда теледидарды
ешқашан қуат көзіне қоспаңыз.
Балаларды жарақаттау қаупі бар
Теледидардың балалар үстіне құлап, олардың
жарақаттануына жол бермеу үшін мына сақтандыру
шараларын орындаңыз:
- Теледидарды сырғанап, тұрмайтын шүберек немесе басқа
материал жабылған жерге ешқашан қоймаңыз.
- Теледидардың ешқандай бөлігінің орнатылған жерден
салбырап тұрмағанын тексеріңіз.
- Теледидарды кітап шкафы сияқты ұзын жиһазға теледидар
мен жиһазды қабырғаға немесе қолайлы жерге бекітпей
қоймаңыз.
- Балаларды теледидарға жету үшін жиһазға мінуден қауіп-
қатерлер болатыны туралы хабардар етіңіз.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар!
 
 
Қашықтан басқару құралында кішкентай балалар оңай жұтып
қоятын тиын тәріздес батареялар болуы мүмкін. Бұл
батареяларды балалардан әрдайым аулақ ұстаңыз!
70