Philips 22PFH4109/88 User Manual

Page of 74
Қатты қызып кету қаупі бар
Теледидарды тар жерге орнатуға болмайды. Теледидардың
айналасынан ауа алмасуы үшін кем дегенде 10 см
қалдырыңыз. Перде немесе басқа заттардың теледидардағы
ауа алмасу тесіктерін жауып қалмауын қадағалаңыз.
Найзағай
Найзағай болардың алдында теледидарды қуат көзі мен
антеннадан ажыратып тастаңыз.
Найзағай кезінде теледидардың ешқандай бөлігіне, тоқ
сымына немесе антенна сымына тиіспеңіз.
Есту қабілетін зақымдау қаупі бар
Құлаққапты жоғары дауыс деңгейінде немесе ұзақ уақыт
пайдаланудан сақтаныңыз.
Төмен температура
Егер теледидар 5°C немесе 41°F мәнінен төмен
температурада тасымалданса, теледидарды қуат көзіне
жалғамастан бұрын, оны қорабынан шығарып алып,
теледидардың температурасы бөлме температурасымен
сәйкес келгенше күтіңіз.
Дымқылдық
Сирек жағдайларда температура мен ылғалдылыққа
байланысты теледидардың алдыңғы әйнегінің (кейбір
үлгілерде) ішкі жағында аздап конденсат жиналуы мүмкін.
Бұған жол бермеу үшін теледидарды күн сәулесі тік түсетін,
температурасы жоғары немесе ылғалды жерде сақтамаңыз.
Жиналған конденсат теледидар бірнеше сағат бойы
істегенде өздігінен жоғалып кетеді.
Конденсацияланған ылғал теледидарға зиян келтірмейді
немесе дұрыс жұмыс істемеуді тудырмайды.
16.2
Экран күтімі
- Ешқашан экранды ұстамаңыз, итермеңіз, ысқыламаңыз
немесе кез келген нәрсемен ұрмаңыз.
- Теледидарды тазалар алдында міндетті түрде өшіріңіз.
- Теледидар мен жақтауды жұмсақ, дымқыл шүберекпен
тазалаңыз. Теледидарға спирт, химиялық заттар немесе
тұрмыстық тазалағыштар сияқты заттарды қолданбаңыз.
- Пішінінің бұзылуын және түсінің оңуын болдырмау үшін
мүмкіндігінше су тамшыларын тез сүртіп тұрыңыз.
Мүмкіндігінше қозғалыссыз кескіндерді көп тұрғызбаңыз.
Қозғалыссыз кескіндер дегеніміз - экранда көп уақыт бойы
тұратын кескіндер. Қозғалыссыз кескіндерге экран мәзірлері,
қара жолақтар, уақыт дисплейлері, т.б. жатады. Егер
қозғалыссыз кескіндерді пайдалану керек болса, экран
зақымданбау үшін экран контрасты мен жарықтығын
азайтыңыз.
71